Қытайда өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасына Қазақстаннан қатысқан Бауыржан Жауынтаев қарсыластарынан басым түсіп, дзюдо күресінен чемпион атанды. Жасөспірімдер арасындағы жазғы олимпиада ойындарында дзюдодан 55 келі салмақтағы финалдық сайыста қазақстандық Бауыржан Жауынтаев (сол жақта) әзербайжандық спортшы Натиг Гурбанлиді (оң жақта) жеңіп, чемпион атанды. Нанкин, Қытай, 17 тамыз 2014 жыл. Руслан МЕДЕЛБЕК Жексенбі күні Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы екінші жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының еншісіне алғашқы жүлде – алтын медальді дзюдо күресінен Бауыржан Жауынтаев жеңіп алды. 55 килограмм салмақ дәрежесінде күрескен Бауыржан Жауынтаев финалдық белдесуде әзірбайжандық спортшы Натиг Гурбанлиді жеңді. БІР КҮНДЕГІ ҚОС БЕЛДЕСУ 17 тамыз күні Нанкиндегі Longjing гимназиясының спорт кешенінде жайылған татамиге…
Автор: admin
Тұрсынбек Кәкішұлы — 1927 жылы 15 тамызда Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Берлі аулында туған. Әдебиет зерттеуші. Филология ғылымының докторы (1972), профессор (1973), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1979). Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (1950), Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын бітірген (1960). 1944—1945 жылдары Ақмола облыстық Қазақ драма театрының актері, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде бөлім меңгеруші, 1950 — 1958 жылдары Партия тарихы институтында кіші ғылыми қызметкер, 1960-1968 жылдары Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер. 1968 жылдан ГазМУ-де аға оқытушы, доцент, профессор, филологияның сырттай 1978-1985), күндізгі (1985-1986) факультеттерінің деканы, көп жыл осы университеттік, филология факультетінде «Қазақ әдебиетінің тарихы мен сыны»…
©Youtube.com Менің намысыма тиіп жүрген мәселе соңғы кездері бізде «сабырлы, жуас, төзімді, көнбіс болайық» деген ұрандардың жиі айтылуы. Жаратқан адамға малдан ерекше болсын деп өзіндік көзқарас, сана, ұстаным берді емес пе… Өз ойын бүгіп, үнемі үндемейтін қоғамда екіжүзділер мен қорқақтар көбейеді. Ал, Қазақ – қасқыр. Бөрі секілді қайсар, мінезді. Арыстан, барыс дегендер мысық тұқымдас болғандықтан қолға үйренеді, циркте билеп, елдің көңілін көтереді, қол жалайды. Ал, қасқыр жарықтықтың хайуанаттар бағында, торда торығып тұрғанын ғана көресің. Сонда да рухы тәуелсіз екенін байқатып, көзінен от шашып тұрады. Оны циркте маймылша билетуге ешкімнің тәуекелі бармайды, билете де алмайды! Түркі халықтарының арасында Асыл түрік…

