Автор: admin

Бүгін – халықаралық астрономия күні. Ол күз және көктем мезгілінде екі рет аталып өтеді. Көктемде – сенбі күні, Ай бірінші ширек фазасына жақындағанда аталады. Биыл бұл күн сәуірдің 25-іне келеді. Ғалым Виктор Тейфель Азаттық тілшісіне Қазақстан астрономиясындағы ахуал туралы айтып берді. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Виктор Тейфель жұмыс кабинетінде. Алматы, 16 сәуір 2015 жыл. Алматы қаласындағы Ай физикасы зертханасы мен Г.Фесенков атындағы астрофизика институтын 45 жылдан бері Қазақстандағы белгілі астрономдардың бірі – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, 82 жастағы Виктор Тейфель басқарып келеді. Халықаралық астрономия одағына (ХАО) қарасты планеталар физикасы комитетінің үш жыл президенті, алты жыл вице-президенті болған Виктор Тейфель…

Read More

Астана қаласының тұрғыны Әліби Жұмағұловтың соққыға жығылу фактісі кең қоғамдық сілкініс тудыруына байланысты, Астана қаласының прокуратурасы келесіні хабарлайды. Тергеудің алғашқы күнінен бастап-ақ жәбірленуші мәлімдеген фактілердің анық-қанығын жан-жақты анықтау жөнінде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. 2015 жылғы 23 сәуірде аталмыш қылмысты жасауға күдікті ретінде Қ.Жамалиев ұсталынып, 24 сәуір күні оған қатысты іс материалдары қамауға алу шараларын қабылдау үшін сотқа жөнелтілді. Есіл ауданы прокурорының санкциясымен күдікті Қ.Жамалиевтің тұрғылықты жеріне, сондай-ақ оның қызметтік кеңсесіне үш рет тінту шаралары жүргізілді. 25 сәуір күні полиция қызметкерлері қылмысқа қатысты екінші адамды – А. Прибытковты (Жамалиевтің жүргізушісі) ұстады. Дәл осы күні қылмысқа қатысты үшінші күдікті – А. Әбілтаевқа…

Read More

   Бұл жантүршігерлік оқиғаны бәріңіз оқыған боларсыздар. Оқымасаңыз қысқаша айта кетейін. 1 суреттегі Жамалиев Қайрат деген шіріген бай, бизнесмен 24 жастағы Жұмағұлов Алиби (2 суреттегі) деген азаматты пәтерге әңгімелесуге шақырған. Бірақ 3 жігіт (оның біреуі 4 суреттегі дәу қара Арман) 4 сағат бойы қорлап, екі құлағын кесіп, үтікпен ішін басып, бетін кесіп, басынан үшеулеп секірген. Сонда Қайрат жас жігітті не үшін қорлады? 2 суреттегі Исина Айнұр деген қыз үшін. Бұл қыз бұрын Қайраттың көңілдесі болған, тіпті ұлы бар. Бірақ Қайраттан бас тартып, Алибимен жүре бастаған. Ал Қайрат қыздың артынан қалмаған. Ал не болды? бар-жоғы 24-тегі жігіт мүгедек, кемтар боп қалды.…

Read More