Автор: admin

  ҚазАқпарат — Белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашевтің жетекшілігімен жүргізілген Алтайдағы археологиялық қазба жұмыстары барысында шамамен VII ғасырда өмір сүрген 40 жастағы сарбаздың сүйегі табылды. Бұл туралы Түркі академиясының баспасөз қызметінен хабарланды.«Жауынгердің денесінің қасынан VII ғасырға тиесілі қару-жарағы атап айтқанда, дулыға, садақ, жебе, қорамсақ, қылыш сонымен қатар, аттың сүйектері мен алтын жалатылған ер-тұрман, жүген табылды. Сондай-ақ, сарбаздың қасына қобызға ұқсас музыкалық аспаптың қойылуы археологиялық қазба жұмысының басты жаңалығы болып отыр», — делінген баспасөз баянында. Ескерткіш Түркі Академиясының «Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік құрылымы» атты ғылыми-зерттеу жобасы негізінде қазылған. Бұған дейін «Берел» қорымынан мол жәдігер тапқан белгілі археолог Зейнолла Самашев…

Read More

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке Құрметті Кәрім Қажымұқанұлы! Мен 2006-жылы ҚХР-дан Қазақстанға келгем. Алғашқы бес жылым осында оқумен өтті. 2011-жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық МПИ-дың бітірдім. 2010-жылы Расол Манарға күйеуге шықтым. Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Олжабай батыр ауылына қоныстандық. 2011-жылы 16-желтоқсанда тұңғыш қызым Жібек, 2013-жылы 6-қазанда ұлым Қанатбек дүниеге келді. Күйеуім, ата-енем – бәрі Қазақстан Республикасының азаматтары. 2012-жылы маусым айында анамның қайтыс болуына байланысты шығу визасымен ҚХР-ға бардым. Визаның кезегін күтіп онда алты ай жаттым. Үрімжіден үш айға бір мәрте виза аштырып, 12-желтоқсанда Қазақстанға Зайсан өткелі арқылы зорға оралдым. Келе салып, 14-желтоқсан күні Ерейментау ауданы Көші-қон полициясына бардым.  Бұрынғы аудартқан құжаттарым…

Read More