Интернет-конференциямыздың кезекті қонағы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов. Ол 2013 жылдан бері еліміздің білім саласын басқарып келеді. Ол оқырмандардан келіп түскен сауалдарға жауап беруді бастады. Өмірдерек: Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы — 1974 жылы 17 сәуірде туған. Қазақ. Экономика ғылымдарының кандидаты, Пенсильвания Университетінің (АҚШ) Жоғары білімді басқару саласы бойынша докторы. Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Оклахома университетін (АҚШ) және Вена дипломатиялық академиясын бітірген. Сонымен қатар, Гарвард университеті Кеннеди атындағы мемлекеттік саясат мектебінде тәжірибеден өткен. Еңбек жолын 1996 жылы Орталық Азия мемлекетаралық кеңесі Атқарушы комитетінің референті болып бастады. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратына ауысты. 1998-2002 жылдары Қазақстанның…
Автор: admin
Ресейдің жоғары қауымы жаппай шетел ауып жатыр деп хабарлайды Die Welt газетінің мақаласына шолу жасаған Inopressa. Туған-өскен жерінен баз кешкен ресейлік байлар жатжұртқа мүлдем сіңіп кету үшін тіпті генологтарды жалдап өздерінің арғы тегінде немістің, француздың, испанның, т.б. қаны бар ма, жоқ па, соған дейін тексертуде. «Бұл адамдар мол қаржы тауып үлгерген алпауыттар, енді олар бар байлығымыздан айрылып қаламыз ба деп қорқады», — дейді мәскеулік генолог Владимир Палей. Алайда, бұқара халық РФ Президенті В. Путинді қолдайтын көрінеді. Американдық Gallup сараптау орталығы жүргізген сауалнама қортындысына сенер болсақ, орыстар Қырымның Ресейге қосылғанын құптап, Путинді құрметтей түскен. Путиннің қызметін ресейліктердің 83 пайызы қолдайды дейді…
Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аудандағы қытай қауіпсіздік күштерінің сарбаздары. (Көрнекі сурет). Қытай ресми баспасөз құралы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Шаче уезінде 29 шілде күні бір топ қарулы адамның билік мекемелеріне шабуыл жасағаны туралы хабарлады. Xinhua агенттігінің дерегінше, пышақпен қаруланған белгісіз топ полиция бөлімшесі мен әкімшілік мекемесіне шабуылдап, ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқан. Құрбан болғандар — этникалық ұйғырлар мен қытайлар. Бірақ Мюнхенде орналасқан дүниежүзілік ұйғыр конгресінің өкілі басқадай ақпарат таратты. Конгресстің хабарлауынша, Шыңжаңда демонстранттар мен полиция қақтығысқан, 20 ұйғыр мен 13 полицей қаза тауып, 10 адам жараланған, 67 адам тұтқындалған. Конгресс өкілінің дерегіне қарағанда, ұйғырлар Қытай билігінің қудалауына қарсылық білдірген. Шыңжаңда мұсылман ұйғырлар…

