«Жауап бер» — деп қолындағы тапаншасын шошаңдатты сұс көрсетіп батылды. Сосын тағы ескертті оған: «Егер бізге өз еркіңмен басыңды иіп қызмет етсең және ерлік көрсетсең, Үлкен сыйлық беріледі, қолбасшы боп сайланасың. Бұл әрине саған берген зор мүмкіндік ақырғы. Кәзір маған жауабыңды айт ой жібермей басқаға, Сөзің маған ұнар болсын, онда қыста көк балдырған гүл егесің тасқа да. Егер сөзің ұнамаса және менің айтқаныма көнбей жатсаң осы алаңда, осы халық алдында, Ертең түсте атыласың. Ал кәнеки сөйле» — деді, мұртын сипап кеуде керіп мастана Сонда ғана батыр Оспан орынынан көтерілді маңғаздана көз жіберіп алысқа, Ашу, ызы және мысқыл тебіндеген өң келбеті…
Автор: admin
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясына қатысты-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі. Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бейбітшілік және келісім сарайында өткен сессия «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбына арналды. Сессия жұмысына 1500-ден аса адам қатысты, олардың қатарында ассамблеяның барлық өңірлердегі мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми және шығармашылық зиялық қауым және БАҚ өкілдері бар. Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларды Ассамблеяның 20 жылдығымен құттықтап, бұл мекеме ел үшін күрделі кезеңде…
«Дегдар» сараптама орталығы алдыға уақытта ислам жайлы зерттелген әлемдегі бестсселер еңбектерді қазақ тіліне нақты ықшамдап аударып отыратын болады. Мынау — итальян ғалымы Джон Эспозитоның «Исламның болашағы» деген еңбегі. Батысты үлкен қоғамдық сілкініс тудырған еңбек. Ағылшын тілінен аударылды. Италиян ғалымы Джон Эспозито «Исламның болашағы» деген еңбекте Исламның келешегіне былай сараптама жасапты. 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасы әлемдегі талай мұсылманның тағдырын өзгерткен. Осы оқиғадан соң АҚШ бастаған бірнеше ел жаһандық терроризмге қарсы соғыс ашты. Ислам әлемін үрей мен қорқыныш билеп алды. Социологтар мұны «өркениеттер қақтығысы» деп бағалады. Енді бір ғалымдар «неден қателік кетті немесе мұсылманды үшін жек көреді» деген сұрақтың жауабын…

