Таяуда Шыңжаң Жазушылар одағының мүшесі, Көктоғай ауданы жазушылар бірлестігінің төрағасы, Дауылхан Нұрханұлымен сыр бөлісіп, екі ел арасындағы әдеби байланыстар туралы әңгімелескен едік. Шерткен сырларымызды,«kеrеy.kz» тың ойлы оқырмандарына қаз-қалпында ұсынуды жөн көрдік – Дауылхан аға, бүгінгі таңда Алтайдағы қазақ әдебиеті қандай деңгейде деп ойлайсыз. Қазақ тілінің қанық бояуын көмескілендіріп алған жоқпыз ба? – Бауырым, әуелі бүкіл қазақ елінің азаматтарына көп рахмет. Қазақтың тілі тұшымды, өткір орамды әрі жұмсақ тіл ғой. Мына біз жасап жатқан Алтай қазақтың ежелгі қонысы, қасиетті мекен, бұл әр қазақ баласына жат емес. Тауының биктігінен, даланың кеңдігінен бе, ауаның тұнық, суының мөлдірлігінен бе, тіліміз айшықты әрі бояуы қанық.…
Автор: admin
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Түркиядан Израильге бір күндік турға келіп, Түркияға қайта ұшып кете алмаған азаматшамыз Диана Назармен хабарласты. Оның айтуынша, қазіргі жағдайы бір қалыпты, әуекомпания оны қонақүйге жайғастырған. Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің ақпаратына сәйкес, біздің азаматшамыз түрік әуекопманияның рейсімен жергілікті Тель-Авив уақыты бойынша сағат 21:00-де Түркияға қайтып ұшатын болады. Қолда бар ақпарат бойынша, шамамен 10-15 адамнан құралған қазақстандық туристер тобы Израильден Түркияға қайта алмай отыр. Азаматтарымыздың нақты саны анықталуда. Әуекомпания олардың барлығын қонақүйге жайғастырған. Олар да бүгінгі 21:00-дегі түрік әуекомпаниясының ұшағымен Түркияға қайтуды жоспарлап отыр. Сыртқы істер министрлігі бұл мәселені барлық азаматтарымыздың Түркияға оралғанға дейін бақылауда ұстап, оларға барынша көмек…
ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЕР ЖӘНІБЕК БАТЫР Тарихи тұлғаларды зерттеу үшін «тарихқа кіру керек» [1] — дейді, академиқ Салық Зиманов. Өте дұрыс. Тарихи тұлғалардың өмір сүрген дәуірін түсінбей тұрып, оның атқарған қызметінің тарихи маңызы мен рөліне баға беру шындыққа жасана қоймайды. Гуманитарлық ғылымда тарихи тұлғаларды зерттеудің қалыптасқан өзіндік әдістемесі бар. Оның қарапайым қағидасы – оларды өздері өмір сүрген тарихи қоғамдық саяси жағдаймен тығыз байланыстыра отырып, олардың жалпы қоғамдық іс-қимылдарына жүйелі түрде жан-жақты талдау жасау. Осы тұрғыдан Ер Жәнібек Бердәулетұлының жалпы қоғамдық қимылдарын ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының саяси жағдайындағы өзгерістермен тығыз байланыстырып қарайтын болсақ, оның атқарған қызметінің…

