Автор: admin

   MediaNet  Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «2022  жылы Алматыда Қысқы Олимпиада ойындарының өтуі»  тақырыбындасауалнама жүргізді. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 1600 адам қатысты. Сұрақтарға 16 жастан жоғары 67% әйелдер мен 33% ер азаматтар жауап берді. Сауалнама 12-15 шілде аралығында жүргізілді. Сауалнама әдісі – телефон арқылы жүргізілген сауалнама және онлайн-сауалнама.   Сауалнама мәліметтерін demos.kz гиперсілтесін көрсету арқылы қолдануға рұқсат етіледі. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73%-ы Алматы 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер қала екенінен хабардар. Ал қалған 27%-ы бұл жайлы мүлде естімеген. Респонденттердің 79%-ы 2022 жылы Алматыда Олимпиада өткізу идеясын қолдайды. 10%-ы қарсы, ал 11%-ы…

Read More

Ыстамбұлдағы қазақ мәдени орталығы Қазақ Түркілері Уакфы (Түркия қазақтары қоры) биыл жыл басында 29-31 шілде күндері кіші құрылтай өткізуді жоспарлаған болатын. Алматыдағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да құрылтайға 16 адамдық делегациямен қатысатынын мәлімдеген еді. Бірақ құрылтай мезгілі жақындаған уақытта қор мен қауымдастық арасында келіспеушілік пайда болды. Сол келіспеушілік салдарынан Қауымдастық басқармасы Түркия қазақтары қоры ұйымдастырған құрылтайға қатыспау және оның орнына өзінің Ыстамбұлда жеке құрылтайын өткізу туралы шешім қабылдаған. Сонымен Түркияда 29-31 шілде күндері бір мезгілде екі құрылтай өтетін болып отыр.Оның біріншісі, Түркия қазақтары қорының кіші қазақ құрылтайы, екіншісі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының кіші қазақ құрылтайы. Осылайша бірлік-берекеге, ынтымақтастыққа дәнекер болатын кіші құрылтайдың…

Read More

Ақылбек Шаяхмет Есте қалар ел тарихы Бірінші бөлім Ата-баба жерінде ( шежіре) Бұл шежіреде негізінен ескіден қалған көне қолжазбалар пайдаланылды. Олардың біразы кезінде Қостанайда шығып тұрған “Дала қоңырауы” газетінде жарық көрген еді. Шежіреде келтірілген рулардан тараған аталар түгел қамтылды деп айта алмаймыз. Оларды түгел қамту мүмкін емес және оны біз міндетімізге алған жоқпыз. Ал кейбір аталардың арасы үзіліп қалған. Бірақ, әркім өз атасын таратып алсын деген ниетпен, бізге дейін жазылған және кейінірек қосылған қолда бар деректерде келтірілген кісілердің аты-жөнін бердік. Олардың арасында қате кетіп жатса, алдын ала ғафу өтінеміз. Осы еңбегімізді құрастыруға себеп болған шежіре авторларының бірі Асылбек Ташбайұлы 1935…

Read More