Автор: admin

ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссияның бірінші аймақаралық кеңесі аясында қазақстандық тарапқа 8 ескерткішті бүкіл әлемдік мұра тізіміне қосу туралы диплом беріледі, деп хабарлады бүгін ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ҚР Ұлттық комиссияның бас хатшысы Әсел Өтегенова ОКҚ брифингінде.  «ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссияның бірінші аймақаралық кеңесі аясында қазақстандық тарапқа 8 ескерткішті бүкіл әлемдік мұра тізіміне қосу туралы диплом беріледі. Бұл шешім биылғы жылдың маусымында Катарда өткен бүкіл әлемдік мұра бойынша комитет сессиясында қабылданды», — деді Ә.Өтегенова. Бұдан өзге, ол биылғы жылдың маусымында Швецияда Қазақстанның екі қорығы — Қатон-Қарағай мен Ақжайықты ЮНЕСКО биосфералық резерваттар дүниежүзілік желісіне қосу туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Осыған байланысты сәйкес…

Read More

Кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ханым жақсы жаңалығымен бөлісті.  Ендігі жерде Атажұртына оралған ағайындар Қазақстанның кез келген өңіріне қоныстанып, «Оралман» мәртебесіне қол жеткізе алады. Естеріңізде болса, биыл көктемде Үкімет қабылдаған №248 қаулы бойынша оралмандар тек Қазақстанның 7 облысына ғана қоныстануға құқылы болатын. Олар негізінен солтүстік облыстар еді. Ал, осы 8 шілдеде қабылданған №783 Үкімет қаулысы бойынша оралмандар Алматы және Астана қалаларынан тыс Қазақстанның кез келген аймағына орын тебе алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы Марат Тоқсанбаевтың айтуынша, қандастарымыз қазіргі мүмкіндікті пайдаланып, «Оралман» куәлігін алып, сол арқылы «Ықтияр хатқа» қол жеткізе тұрса, күзге қарай…

Read More

Малайзияның Malaysia Airlines әуе компаниясына тиесілі  Boeing 777 ұшағы Украинаның Донецк облысы Шахтарск қаласы маңына құлағаны хабарланды. Ұшақ Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатқан. Ұшақ бортында 280 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі болған. Апат себебі әлі белгісіз. Бұған дейін, биыл 8 наурызда Malaysia Airlines әуе компаниясының тағы бір Boeing 777 ұшағы ешқандай дабыл белгісін берместен, бағытын ауыстыратынын я басқадай проблемалар туындағанын хабарламастан із-түссіз жоғалып кеткен еді. Малайзия астанасы Куала-Лумпурден Қытай астанасы Пекинге ұшып шыққан MH370 рейсінің  бортында 239 адам болған. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Read More