Автор: admin

   Ресей Федерациясының Федералдық қызметінің орталық мұрағаты павлодарлық мұрағат қызметкерлерінің сұрауы бойынша сталиндік зұламаттың құрбаны болған қазақ жазушысы Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген орны жайлы мәліметті тапқанын хабарлады. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. «Ресейдің Федералдық қызметінен жауап келді. Жүсіпбек Аймауытов атылғаннан кейін өзге де қуғындалып атылғандармен бірге Ваганьково бауырластар зиратына жерленген екен. Таяу арада бұл жерге барып ескерткіш қоюды жоспарлап отырмыз», — дейді А.Жалдинов. Сондай-ақ, федералдық қызмет аталған зиратқа 1994 жылы барлық саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш қойғанын да жеткізген. Айта өтейік, Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Қазақ…

Read More

Мемлекет басшысы аса жоғары деңгейдегі шеберлік, керемет командалық ойын және жеңіске деген жігер Германия құрамасына лайықты қарсыластарынан басым түсіп, биік тұғырға көтерілуге мүмкіндік бергенін атап өткен. «Германия Федеративтік Республикасы құрама командасының футболдан биылғы әлем чемпионатындағы тамаша жеңісіне және төртінші рет чемпион атануына байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз. Дүние жүзі қауымының назарын аударған Германия командасының бұл жеңісі футбол тарихында айрықша із қалдырды», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельге және достас Германия халқына алдағы уақытта да жеңістерге жете беруге тілектестік білдірді. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Read More

ПРЕМЬЕР МӘСІМОВТЫҢ АЛДЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІМ Мұртаза БҰЛҰТАЙ Философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, мәдениеттанушы facebook парақшаcынан алынды Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Бүгінгі келелі мәжілісте Кеңес Одағының соңғы жылдары алғашқылардың бірі болып отанға оралған және ширек ғасыр бойы Қазақстанның дамуы мен тәуелсіз ел ретінде қалыптасуына үлес қосып келе жатқан республика азаматы ретінде өз ойымды ортаға салғым келеді. Қазақ халқы ежелден бері отансүйгіштігімен, туған ел мен жерге деген ерекше сезімімен белгілі болған халық: оған батырлар жырындағы отаншылдық, халық әндеріндегі атамекенге деген сағыныш пен махаббат, мақал-мәтелдер куә. Тарихтын түрлі уақиғалары салдарынан бүгінгі Қазақстанның жерінен тыс елдерде қалған қазақтар әрқашан да отанға деген ыстық сезімді, аңсауға толы жүрек…

Read More