Автор: admin

Тарихтағы тұлға Аруағыңа болысқан, Әділ билік қылысқан, Қашпаған қандай ұрыстан, Керейде батыр Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай. Абылай сенің тұсыңда Сол бесеуі болыпты-ай, Кейі батыр, кейі би, Тәңірім берген сондай сый… Үмбетей жырау Елі үшін еңіреп өткен оғылан ұлдарын қарт тарих қашанда ұмытпақ емес: аңыз боп тарап, сайын дала ақиқатына айналған ерлік дастандар соның куәсі. Сол шежірелермен сусындап өскен ел ұрпағының да кешегісін ұмытпасы анық. Ұмытпағаны сол – мамырдың 11 жұлдызында Алматыда «Еліне ұран болған Ер Жәнібек – 300 жыл» атты ғылыми конференция өтті. Шара барысында батырдың бар болмысы, ерлікке толы өмірі төңірегінде тамаша деректер…

Read More

Galym Bokash ОРАЗА Баяғыда бір ашушаң молда болыпты. Баласының шуын, әйелінің назын, құрдасының қалжыңын көтере алмай шырт-шырт етіп тұрады екен. Ызақор мінезі қанша жерде ұятқа қалдырса да, қалшылы басылмай өмір сүріп жатыпты. Бір күні жұма намазындағы құтпасында ыңғайсыз сұрақтар көп қойылып, құлшылықтан соң көңілі болыңқырамай қабағын қайшылап үйіне келсе, әйелі ас әзірлеп үлгермепті, баласы терезе сындырып қойыпты, көршісі атын сұрамай мініп кетіпті. Ашудан жарыла жаздаған молда елдің бәрімен ұрсысып, үйінен шыға жөнеліпті де, ешкімді көргісі келмей, ешкіммен сөйлескісі келмей, жақын маңдағы көл жағасында қаңтарылып тұрған көп қайықтың біріне міне салып дарияның ортасына бір-ақ жетіпті. Тып-тыныш табиғат ортасында жалғыз қалған жаны…

Read More

Украина, Грузия және Молдова бүгін, 27 маусымда Брюссельде Еуропа Одағымен (ЕО) маңызды саяси және экономикалық келісімдерге қол қойды. Украина ЕО-мен еркін сауда келісіміне (DCFTA) қол қойды. Киев пен Брюссель бұған дейін (21 мамыр күні) серіктестік (Association Agreement) туралы келісімнің саяси бөлігіне қол қойған еді. Молдова мен Грузия ЕО-мен серіктестік және еркін сауда келісімінің екеуіне де қол қойды. Келісімдер үш елдің Ресей ықпалынан алыстап, Батысқа қарай барынша жақындай түсуіндегі үлкен қадам саналады. Еуропа Кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей мен Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу келісімдердің Ресейге зардап келтірмейтінін айтты. Херман Ван Ромпей қол қою рәсімінде «келер ұрпақ бұл күнді есінде…

Read More