Автор: admin

Қалбатау.21 маусым.kerey.kz — Бүгін қазақтың ұлы батырларының бірі Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдығына арналған ас басталды. ас 21-22 маусым аралығында өтеді. Қазақ халқының тарихнамасы бойынша Бердәулетұлы Жәнібек 1714 жылы Сыр бойында туған. Ер Жәнібек – Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жанатай, Өтеген, Райымбек, Баян, т.б. баһадүрлермен үзеңгілес тұлға. Абылай ханның бас батырларының бірі ретінде халық жадында терең зерделенген, ауыз әдебиеті үлгілерінде көп кейіптелген тарихи тұлға. Ер Жәнібектің өмірі мен ерлігі жайында ел аузында бірнеше толғау, дастандар мен аңыз-әфсаналар сақталған. Солардың ең көлемдісі Қытай қазақтарының рухани көсемі Ақыт қажы Үлімжіұлының “Жәнібек батыр” дастаны. Бұл дастан ҚР Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер…

Read More

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығар­малардың тізімін ұсынады: Әдебиет секциясы бойынша Жайлыбай Ғалым — ақын. «Тобылғыжарған» өлеңдер, толғау және поэмалар. Қазақстан Жазушылар одағы ұсынған. Мұханбетқалиұлы Қажығали — жазушы. «Тар кезең» тарихи романы. Қазақстан Жазушылар одағы ұсынған. Оралбаев Өтеген Оралбайұлы — ақын. «Қағбаның қарлығаштары» жыр жинағы. Астана қаласының әкімдігі ұсынған. Салықбаева Гүлнар — ақын. «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы. «Президент және халық» респуб­ликалық қоғамдық-саяси газеті ұсынған. Музыка, театр және кино секциясы бойынша Дүйсекеев Кеңес – композитор. 2009-2013 жылдары жазылған шығармалары (12 ән). Қазақ ұлттық…

Read More

Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев Украинадағы сепаратистерге көмектесуге шақырып, жылу жинап жатқандар міндетті түрде жауапкершілікке тартылуы тиіс екенін айтады. — Біз Украинаның Тәуелсіздігін, территориялық тұтастығын мойындаймыз. Егер Украинаның Тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына қайшы әрі нұқсан келтіретін қандай бір іске жылу жиналып, жәрдем ету ісі жасалып жатса, ол – заңсыз. Жауапты мемлекеттік мекемелер мұндай оқиғаларға заң жүзінде шара қолдануы керек. Өйткені, Қазақстан өзімен тарихи және экономикалық байланысы тығыз Украинаның Тәуелсіздігі мен бостандығын құрметтейді. Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қостанай облысының тұрғындары  Украинаның қарулы күштерінен «зәбір көрген»  Донбасс қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек жасамақ болып қаржы жиған еді: http://abai.kz/post/view?id=894 , http://abai.kz/post/view?id=917 Материал ratel.su сайтынан алынып,…

Read More