Автор: admin

2014 жылғы 12 маусымда ЮНЕСКО «Адам және биосфера» бағдарламасының (МАБ) Халықаралық үйлестіру комитетінің 26-сессиясының шешімімен қазақстандық екі табиғи резерваттарға «ЮНЕСКО биосфералық резерваты» Халықаралық мәртебесі бекітілді, олар: «Қатон-Қарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ақжайық» биосфералық аумағы. Екі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ЮНЕСКО Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне енгізілген. ЮНЕСКО халықаралық сарапшылары Қазақстан Үкіметінің, МАБ Ұлттық комитетінің және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының аталған номинацияларды пысықтаудағы күш-жігерін өте жоғары бағалады. Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда 4 ЮНЕСКО биосфералық резерваты жүзеге асырылуда. Қорғалжын және Алакөл номинациялары 2012-2013 жж. ЮНЕСКО биосфералық резерваттары мәртебесін алды. Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне ену тамаша табиғаттың сақталуына, сондай-ақ,…

Read More

– Қазақ журналистикасының даму үрдісін қалай бағалайсыз? Бүгінгі журналистика төртінші билік ретіндегі функциясын қалай атқарып отыр? – Осыдан біраз жыл бұрын Ре­сейдің белгілі бір қоғам қайраткері «Кімнің қолында БАҚ болса, билік соның қолында» деген болатын. Оның осылай айтатын жөні бар. Ресей  БАҚ-ын қолға ұстап тұрған арам пи­ғылды журналистерге (олардың көбі орыс емес) күйініп айтқаны. Бұл дегеніміз БАҚ-тың өмірді өзгертіп жіберуге қауқары бар деген сөз. Кез келген ұйым, кез келген партия өз билігін БАҚ арқылы жүргізеді. Міне, осы жерде журналистиканың қоғамдағы орны көрінеді. Құдай ме­нің маңдайыма мынадай несібені жа­зыпты. Журналистикадағы 36 жыл қызметімнің 15 жылын кеңес дәуірінде өткіздім. Қалғанын тәуелсіздік…

Read More

«Атың барда ел таны, желіп жүріп» демекші, қазіргі заманда қалтаңда ақшаң болса қайда барып демалам десең де өз еркің. Бүгінде еліміздің қалталылары алты құрлықтың тамаша жерлерін аралап, тіпті қаласа, ұнаған елдерінен үй де сатып алып қояды. Forbes-тағы әлем дәулеттілерінің тізіміне енген қазақстандықтарды былай қойғанда қазір тұрмысы орташа қарапайым отбасылардың көбі жазғы демалыстарын шетел асып өткізуді әдетке айналдырған. Ал халықтың алдында жүрген танымал өнер иелері сахнадан, той-думаннан, халықтың назарынан шаршағанда бір уақыт шетелге барып демалып, жағажайларда бала-шағаларымен арқа-жарқа рахаттанып қайтады. «Алаш айнасы» биылғы жазды өнер иелері қайда, қалай өткізетіндерін анықтап көрген еді. Мейрамбек Беспаев, әнші: – Әлемнің қандай керемет жерлерін араласаң да туған жерге…

Read More