Автор: admin

Мемлекеттік көші-қон және қазақ диаспорасы агенттігін құру кезек күттірмес мәселе. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің атына жолдаған депутаттық сауалында депутат Нұрлан Жазылбеков осы мәселені көтерді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сауал барысында депутат жақында ел Үкіметі шетелдегі қандастарды көшіруді жеделдету мақсатында құқықтық және әкімшілік тетіктерді оңтайландыруға бағытталған аса маңызды саяси шешім қабылдағанын атап өтті. Оның пайымынша, ұлттық мемлекетімізді бекемдеу жолындағы мұндай игі бастамалардың дұрыстығы дау тудырмайды, бірақ осы бағыттағы шаралар әлі де жеткіліксіз. Себебі, депутаттың ойынша, шетелдерде тұратын қазақ диаспорасының ұлттық болмысына төнген қатер жыл өткен сайын ауырлай түсуде. Бұл ретте Н. Жазылбеков миллионға жуық қандастар тұратын көрші Ресейде бірде-бір…

Read More

Арғы бет атанған Қытай жерінде 2 миллионға жуық қазақ тұрады. Іле қазақ автономиялы облысы аталатын сол аумақ — Алаш жұртының бір байтағы, жүрегінің жартысы деген сөз. Оның өз серкесі мен еркесі, көсемі мен шешені бар. Өткен ғасырдағы топалаң заманда  Қытай қазақтарының тізгінін ұстаған басшылардың бірі — Жәнәбіл Сымағұлұлы. Биыл мерейлі 80 жасын тойлап жатқан Жәнәбіл ақсақалға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілей отырып, ақын Ауыт Мұқибектің «Дат» газетінде жарық көрген мақаласын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Abai.kz (Қазақтың арда туған азаматы Жәнәбіл Сымағұлұлы туралы сөз) Осыдан тура жиырма жыл бұрын, нақтырақ айтсам, 1998 жылы Қазақстанға келердің алдында туған ауылым Ойманбұлақтың…

Read More

Сіз, ғалым ұстаз ретінде жастарды имандылыққа тәрбиелеуде неге көңіл бөлгеніміз абзал деп ойлайсыз? Сол жастың өзіне көңіл бөлінуі қажет. Бізде кешегі заманнан қалған жаман әдет әлі де кездеседі. Ол – мұғалім мен шәкірттің арасында алынбас қамал. Мұғалім өзін бөлек санайды, шәкірт те мұғалімнен жасқанады. Ал өзін үстем санаған тәрбие де дәріс те бере алмайды. Өзін жасық санаған іштегі түйткіл сауалдарын еркін айта алмайды. Тағы бір нәрсе бар. Ол – тәрбие мәселесі. Мақсат тәрбиені жай жеткізе салу ма әлде баланы тәрбиелеу ме? Мұғалім осыны жақсы білуі тиіс. Егер ұстаз тәрбиеге қатысты қасаң қағидалармен қатып қалып баланы оқытатын болса, шәкірт ешқашан ілім…

Read More