Марфуға Шапиян Наурызбай Таласов — ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген, Ислам дінінің Қазақстанның солтүстік өңіріне кеңінен жайылуына ықпал еткен атақты теолог-ғалым. Халық: «Науан хазірет», — деп танып, құрмет тұтқан имамның есімін Кеңес кезеңінде ауызға алудың өзі мұң болатын. Соған қарамастан, көркем шығармаларда ол туралы аз жазылған жоқ. Науан хазірет бейнесі Ғабит Мүсіреповтың классикалық туындысы «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасында, жазушы Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романында айтылғанымен, сол кездегі Кеңес саясатына орай, хазірет тек ауылдың дүмше молдасы ретінде көрсетіліп, халық жадында жағымсыз кейіпкер болып сақталды. Ол туралы Науан хазірет өмірінен «Науан хазірет және оның шәкірттері» атты…
Автор: admin
Талғат МАМАШЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары: – Талғат Асылұлы, ел арасында да, Үкіметте де соңғы кезде көші-қон қағидаларына енгізілетін жаңа өзгерістер жайында жағымды пікірлер айтыла бастады. Сұхбатымызды қазақ үшін әркез өзекті болып келген бұл үдеріс неге тоқтап қалуға дейін барды деген сұрақтан бастасақ… – Соңғы жылдары көші-қон мәселесінде көптеген кемшіліктер мен олқылықтардың орын алғаны рас. Мұның бәрі айналып келгенде көші-қонды бизнеске айналдырған бір оңбағандардың, саладағы әбден асқынған жемқорлықтың нәтижесі еді. Олардың мақсаты – алыстағы ағайынды Атажұртқа тиімді қоныстандыру емес, осы іске мемлекет тарапынан бөлініп жатқан мол қаржыны талан-тараж етіп, өз мүдделеріне пайдалану болды. Бұл мәселеге жауапты адамдар «елдің…
Сүлдерін сүйретіп басына бір, аяғына бір шықты. Үстін кіршіксіз таза ақша қар басқан кішкентай ғана төмпешік. Меңірейіп калған. Жазда, алғаш үйілген кезінде әлі дымы құрғамаған қоянжон топырақтан жылы леп, мейірбандық есіп тұратын. Мүмкін солай көрінген болар. Әйтеуір тазы мұнда жиі келетін. Төніректеп жүреді. Қиыршық тас аралас сарғыш топыраққа тұмсығын тығып жіберіп, қоркырай дем алады. Сыздықтап әлдебір иіс білінетін. Сүйкімсіз иіс. Терісін сыпырып, аулаққа лактырып тасталған түлкіден екі-үш күн өткен соң дәл осындай күлімсі леп шығар еді. Үстіне құрт-кұмырска қаптап кететін. Тазы жеркене лоқситынды, Ал мына жас топыракты қаба дем тарткан кезінде бойын мүлде баска сезім билейтін. Қолқаны атары…

