Автор: admin

 ҚазАқпарат — Отанында адамдарды ұрлағаны үшін сотталған Рахат Әлиев бейсенбі күні кеште Венада тұтқындалды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі австриялық БАҚ-қа сілтеме жасап.Австрияда Әлиевті тұтқындауға ордер 19 мамырда жазылды. Әлиевтің өкілі Манфред Айнедтер австриялық АРА агенттігіне экс-дипломат ерікті түрде берілгенін және құқық қорғау органдарымен ынтымақтасуға ниетті екенін хабарлады. БАҚ соңғы кездері Әлиев өзінің жаңа әйелінің тегіне жазылып Мальтада тұрып жатқанын хабарлады. Бұрын Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметін атқарған Рахат Әлиевке 2008 жылы Отанында билікті басып алуға әрекет жасағаны және адамдар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрғаны үшін жалпы көлемі 40 жылға бас бостандығынан айыруға сырттай үкім шығарылған болатын. Вена соты 2011 жылы…

Read More

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркітілдес мемлекеттерге бірлескен телеарна құруды ұсынды. Түркияның Бодрум қаласында түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің төртінші саммитінде сөйлеген Назарбаевтың пікірінше, ол телеарна түрік, ағылшын және орыс тілдерінде хабар таратуы қажет. Қазақстан президенті «Әл-Жазира, ВВС сияқты ол телеарна түркі дүниесін әлемге насихаттауда оң роль атқаратынын» айтады. azattyq.org

Read More

Алматыда Қазақ спорт және туризм академиясында бокстан студент жастар арасында Халық Қаhарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған Халықаралық турнир басталды. «Бес күнге созылатын бұл жарысқа барлығы 120 боксшы қатысуда. Олардың ішінде 3 боксшы Қырғызстаннан тағы үшеуі Өзбекстаннан келді. Біріккен Араб Әмірлігінен де келуі керек еді. Бірақ, өкінішке қарай келе алмай қалды. Осымен 14-ші рет өткізіліп отырған бұл турнир Халық Қаhарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алуға және осы Қазақтың спорт және туризм академиясының 70 жылдық мерейтойына арналып отыр», — деді өз сөзінде қазақтың аталмыш жоғары оқу орнының бокс және ауыр атлетика кафедрасының меңгерушісі Мұстафа Қасымбеков. Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылы 7 қыркүйекте…

Read More