Бодрумда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше-мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында мемлекет басшылары алдағы Төртінші саммиттің күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік құрылымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың басты бағыттары жөнінде пікір алмасты.
Автор: admin
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай. Керейде батыр Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек. Ормандай көп орта жүз Одан шыққан төрт тірек» Бұқар жырау Қазақ тарихында ерекше із қалдырған атақты үш Жәнібек бар – Әз-Жәнібек хан, Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы және керей Жәнібек Бердәулетұлы. Жәнібек хан 15 ғасырда қазақ хандығының уығын тігіп, шаңырағын көтерсе, шамамен 1693 жылы өмірге келген Шақшақ Жәнібек 10 жасыннан бастап жоңғарға қарсы жорықтарға қатысып, Ордабасыдағы жиыннан кейін орта жүз қолбасшыларының бірі болған. Бұл – «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшыраған қазақ халқы есеңгіреген, бас…
Көкте көк туымыз желбіресін! Атырауда қырағы тұрғындар гастрольдік сапармен келген цирк басшылығынан өзге елдің туын ауыстыруды талап етті. Нәтижесінде, ресейлік цирк өз шатырынан үш түсті байрақты алып тастады. Санкт-Петербург қаласынан келген өнер ұжымы шатырға Ресей Федерациясының үш бірдей туын тіккен. Балаларына билет алуға келген қала тұрғындары мұны көріп, реніштерін жасырмады. Қазақстан жеріне келген соң міндетті түрде болуы керек қой. Біреуі болса да ортасында. Сыйлау керек. Ортасында болу керек қой, ең болмаса, Қазақстан туы. Мен солай ойлаймын. Ал атырауға бір аптаға сапарлаған цирк басшылығы болса, бұған дейін ортада Қазақстан туының ілінгенін айтады. Қазақ елінің туын түсіріп тастауды өтінген әкімдіктегілердің өздері дейді.…

