Автор: admin

Құрылтай аясында Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына арналған «дөңгелек үстел», «Сезім шуағы» сурет және кітап көрмесі, футбол турнирі, Ер Жәнібек батырдың 300 жылдығына арналған «Асық ату», қазақша күрес ойындары мен «Ана тілім – парызым» атты жас жеткіншектер арасындағы сайыс, сондай-ақ, «Алаш» азаматы, марқұм Мұстафа Шоқайдың зиратына бару жоспарланған. Аталмыш іске Берлиндегі қазақ қоғамының басшысы Бешіретхан Малабахан мен Германиядағы Қазақстан елшілігі ат салысуда. Қазақстан делегациясын Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Асылұлы Мамашев басқарып барады. Делегация құрамында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанов, Мемлекеттік сыйлықтың иегері…

Read More

1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады. Қазақстан байрағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Туды сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы — 1:2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен оның бейнесі, көлемдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы эталонының түрлі-түсті және сызба бейнелеріне дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс. Қазақстан елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында…

Read More

 Мамырдың соңғы күндері Түркияның  Едірне  қаласында Дүниежүзі түркілерінің үшінші форумы өтті.  Осымен  үшінші мәрте  ұйымдастырылған  жиында екі үлкен мәселе талқыланды. Олар: «Түркі мемлекеттері: Мәдениет дипломатиясы және туризм»,  сонымен қатар «Түркі және армян  диаспоралары; қоғамдық дипломатия: мүмкіндіктер мен қатерлер»  деген екі тақырыпты қамтыды. Жалпы,  соңғы  жылдары  түркі   бірлігі мәселесі күн тәртібінен  түспей тұр. Алайда,  бұл істе  мемлекеттердің емес, түрлі ұйымдардың белсенділігі  әжептәуір  жоғары екендігін байқауға  болады. Тәуелсіз  алты түркі  елінің ішінде Қазақстан ғана  түркі бірлігі мәселесіне өзгелерге қарағанда  тәуір көңіл  бөліп келеді. ТүрікПА, ТүрікСОЙ, Түрік Кеңесі сынды ұйымдарда Қазақ елінің  ықпалы басым. Көшбасшы рөлінде қазір. Түркі академиясын ұйымдастыру арқылы  ғылыми-зерттеу саласында …

Read More