Қадірменді Нұрсәуле, емтиханға дайындалып, қолдан келгенше әзірлігін жасаған студент немесе оқушы мына дұғаларды оқыса, Алланың қалауымен емтиханы жеңіл әрі нәтижелі болады деген үміттеміз. Емтиханға кірер алдын мына дұғаны оқыса болады: «Рабби әдхилнии мүдхалә сидқин уә әхрижнии мухражә сидқин, уәжъал лии мил ләдункә султанән нәсиира»[1] Мағынасы: «Раббым! Менің кіретін жерімді оңды қыл және шығатын жерімді де оңды қыл! Әрі маған өз қасыңнан жәрдем күшін нәсіп ет!” . Емтиханға кіргеннен кейін, келіп-түскен сұрақтарға жауап бермес бұрын Мұса (ғ.с.) пайғамбардың мына дұғасын оқыса болады: «Раббишрәх лии садри. Уә яссир лии әмри. Уәхлул ъуқдәтәм мил лисәни. Яфқаһуу қаули!»[2] Мағынасы: «Уа, Жаратушы Ием! Менің көңілімді (немесе зейінімді)…
Автор: admin
Мамырдың 27-сінде Астана қаласындағы «Алматы» бизнес орталығында Оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігі мен халықаралық саяси апталығы «Түркістан» газетінің ұйымдастыруымен «Оралмандар: Азаматтық алуды оңтайландырудың жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Көші-қон комитетінен, Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімінен, қоғамдық ұйым өкілдерінен және оралмандар мен БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелде әңгіме болған негізгі мәселе, оралмандардың азаматтық алу проблемалары, тұрақты тіркеу және қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындап, арнайы құрылған жұмыс тобы мен Парламент депутаттары талқысына түсіп жатқан оралмандарға азаматтық беру, тұрақты тіркеу ережелерін қалыптастыру мәселелері талқыға салынды. Дөңгелек…
Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіпқой шаршы алаңдағы 17-ші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін Колумбияда жергілікті боксшы Франциско Кордеромен өткізіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Үшінші раундта колумбиялық боксшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Қазақстандық боксшы шаршы алаңға 17 рет шығып, барлығында жеңіске жеткен. Оның 14-де қарсыласын нокаутқа жіберген. Ал Кордеро осымен үшінші рет жеңіліп отыр. Колумбиялық боксшы бұған дейін 29 рет (21 нокаут) қарсыласынан басым түскен. Бұған дейін хабарланғандай, бұл жеңіс Қанат Исламға WBA рейтингінде 8-ші орынға (жекпе-жекке дейін 11-ші) көтерілуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде чемпиондық жекпе-жекке шығу мүмкіндігін жақындата түспек. Қанат Ислам WBA…

