Galym Bokash Facebook парақшасынан алынған пост Тарихтың түрлі шешуші кезеңдерінде маңдайына маңызды рөл ойнау жазылған тұлғалар ортаға шығады. Олардың уақыт өте келе көпшілікке жария болған саясатқа, дінге немесе тарихқа қатысты жеке көзқарастары әлгі бір шешуші кезде әрекет еткен батылдығы мен еңбегін жоққа шығармаса керек. Өркениетті азаматтық қоғам ондай символдық мәні бар тарихи уақиғаларды ұмытпаса керек. Дәл 25 жыл бұрын, 1989 жылғы маусымның 6-сы күні СССР-дің Жоғарғы Кеңесінде ҚазССР-ден сайланған депутат, қоғам белсендісі, ақын Мұхтар Шаханов Алматыдағы «Желтоқсан» оқиғасына қатысқан демонстранттарға жасалған зорлық-зомбылықты тексеруге шақырып сөз сөйледі. «Желтоқсаншыларды» ақтап алу үшін «қазақтың бәрі ұлтшыл емес» деген өз заманына сай тактикалық әдіс…
Автор: admin
22-25 мамыр аралығында Астана халықаралық әуежайының әскери секторы аумағында өткен іс-шараға әлемнің 28 мемлекетінен 208 шетелдік компания, 54 ресми делегация қатысты. Алты көрме павильоны мен ашық алаңдарда бес тақырыптық бағыт бойынша қару-жарақ пен техниканың 300-ден астам үлгісі қойылды.
Қазақстанда ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар тарапынан бақылаумен ел азаматтарының еркін білдіруін қамтамасыз еткен Украина Президентін сайлауын өткізуді құптайды. Бұл дауыс беру Украинадағы ахуалдың тұрақталуы жолында маңызды қадам болды. Қазақстан осы өткен сайлау жалғасып жатқан конституциялық реформалар, Украинадағы бейбітшілік пен келісімді нығайту шеңберінде жалпыұлттық диалогтың дамуына мүмкіндік беретініне және елдің барлық саяси күштері мен өңірлерінің мүдделерін есепке алатынына сенеді. Біз Украина халқының таңдауына құрметпен қараймыз және саяси тұрақтылықты, қоғам бірлестігін, Украинаның одан әрі экономикалық және демократиялық дамуын нығайтуға бағытталған әлемдік қауымдастық ұмтылысын дәйекті түрде қолдап отырамыз. ҚР СІМ

