Автор: admin

Жәркен Бөдешұлы – 70 жаста      «Ердің атын елі шығарады,  елдің атын ері шығарады» деген дана қазақтың атамзаманнан келе жатқан  сөзі бар. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін – аксиома.  Махамбетті – Қаройсыз, ұлы Абайды – Қарауылсыз,  Қасымды – Оралсыз   Әбуді – Атыраусыз, Мұқағалиді – Қарасазсыз көз алдыңызға елестету мүмкін емес.Дәл сондай туған жерімен кіндігі бірге жасасып келе жатқан жанның бірі Жәркен Бөдешұлы. Жәркен ақын десеңіз, көрмесеңізде көз алдыңызға Жайыртау келеді. Шыңдары көкпен таласқан таулы өлке ме екен, әлде сартап сағынышты бойына жинап жатқан ұлан байтақ сары дала ма,  әлде  қойнауы шексіз байлыққа толы құмдауыт жер ме, бәрібір әйтеуір жаныңа дәл өзіңнің туған…

Read More

16 жасында мүгедек болып қалған қазақ қыз қазір бір үйлі жанды өнерімен асырап отыр. Ол Франция, Канада, Австралия, Түркия, Ресейде де клиенттері бар екенін айтады. Алматы облысы Іле ауданына қарасты Жәпек батыр ауылында тұратын мүмкіндігі шектеулі Жеңісгүл Дәулетова ою ойып, тоқыма тоқуды кәсіп қылады. Біз Алматыдан он шақты шақырым жердегі ауылға барғанымызда 27 жастағы шебер шәкірттерімен бірге отыр екен. Жеңісгүл Дәулетова қолөнерді 92 жастағы әжесінен үйренгенін айтады. «Әжем киіз үйдің бүкіл жабдықтарын өз қолымен тігіп, тоқып шығатын. Әжемнің өнері маған дарыған шығар. Ақыл айтып, жанымда отырып үйретті. Әркімнің өзінің қолтаңбасы болады. Менде де әжеме ұқсамайтын қолтаңбалар бар. Әжем онымды көріп…

Read More

2017 жылға қарай Қазақстан 5G байланысын енгізуге дайын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Сәкен Сәрсеновке сілтеме жасап. «Осы саладағы жаңалықтар мен соңғы технологиялар Қазақстанда бар. Қазір әлемде 5G жобасы даярланып жатыр. Оны 2017 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Меніңше, сол кезде Қазақстан да аталған байланысты енгізуге дайын болады», — деді С.Сәрсенов бүгін Астанадағы ASTEX-2014 конференциясы аясында өткен брифингте. Айта кетейік, 2017 жылы Астанада EXPO халықаралық көрмесі өтеді. Бұдан бөлек, қазақстандықтар басқа ұялы байланыс операторына ауысқан кезде өз нөмірлерін сақтай алатын болады. «Оны MNP — технологиясы арқылы іске асыруға болады. Мәселен, 701 мен 777 сияқты префикстер Kcell және Beeline…

Read More