«Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысына өзгеріс енгізілді. Үкімет қаулысы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жарияланды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. «Көрсетілген қаулымен бекітілген оралмандарды қоныстандыруға арналған өңірлер осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын» делінген ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың қолы қойылған қаулыда. Яғни, қаулы қосымшасында оралмандардың қоныстануы үшін еліміздің 14 облысы түгелдей қамтылған. Айта кетейік, 20 наурыздағы «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» қаулыда шеттен келген қазақтар тек қана Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан сияқты 7 облысқа ғана қоныстандыру керектігі белгіленген болатын.…
Автор: admin
Ғаламтордың әртүрлі беттерінен қазақ руларының түпкі аталарына ревизия жасау тағы да көріне бастады. Көшпелі Азияға шекесінен қарайтын батыс пен кей тұсы күмәнді қытай деректеріне, өз арамыздағы тарихтан гөрі әдебиетке етене кейбір бауырларымыздың айтқандарына сілтеме жасайды көпшілігі. Ұлттық деңгейге шығуға өресі жетпей, рулық деңгейде малтығып жатқан коментшілерге азық табылды. Қазақтың арғын, найман, керей, жалайыр, уақ, қыпшақ, маңғыт, сіргелі, шапырашты сияқты іргелі руларын бір бейшара «мыңғұл» деп, екінші байғұс «қарақытай» деп тартысып жатыр. Әсіресе, арғын мен найманды жілік майына дейін шақпақшы. Бірақ, өрелері жетпей, бұлғақтап жүр. «Арғын өздерін Қодан биден таратады. Осы атаудағы «о» әрпінің орнына «и» әрпін қойсаң, қидан (қарақытай) деген…
Жеңіс күніне арналған кешегі шарада Астаналықтар Георгий лентасынан бас тартып, ұлттық оюмен безендірілген суреттегідей лента тағынды. Бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттер үшін соғыс құрбандарын еске алып, жеңіс күнін атап өту қалыптасқан дәстүр. 2005 жылдан бері жеңіс күнінде бірге дәріптеліп жүрген Георгий лентасының анығында екінші дүние жүзілік соғысқа ешқандай қатысы жоқ. Георгий лентасының тарихы 1769 жылы 7 желтоқсанда Ресей патшайымы Елизавета ІІ енгізген 4 дәрежелі даңқ орденімен байланысты. Бұл орденмен 1917 жылға дейін орыс патшалығы әр түрлі шенділерді марапаттап келген. Соның ішінде, Орта Азияны жаулап алғандарды да осы орденмен марапаттаған. Кейін Патшалық үкімет құлаған соң, бұл белгіге Кеңес үкіметінің өзі тыйым салған…

