Мекемтас Мырзахметұлы, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор: Отбасы тәрбиесі ғасырлар бойы өзінің қалыптасқан қалпымен қазақ тарихының өн бойында XIX ғасырға дейін Абай заманына қаймағы бұзылмай жетті. Қазақ болмысының, күнделікті тұрмысының өзегі ауыл – бір шалдың кіндігінен таралған балалардан тұратын. Бір ауылда үш-төрт баладан, оннан астам баладан аспайтын шағын ауыл өзінің атажұрты қыстауында, жазда жайлауында мал жайлататын. Отбасы тәрбиесі атасы мен әжесінің қолында бүкіл қазақ атаулы салт-сана, әдет-ғұрып ата дәстүрі қатаң түрде атадан балаға, әкеден немереге бұлжымай барлық ұлттық дәстүр сақталатын. Ауыл адамдары бір атаның баласы болу себепті, бүкіл мал дәулеті ортақ болғандықтан бір-біріне, малды бағып көбейту әрқайсысының азаматтық міндетіне жататын.…
Автор: admin
Суырып салма ақын, халық композиторы, әрі әнші Құлтума Өтемісұлы өзінің туып өсіп, кіндік қаны тамған Ақмола өңірінде ғана емес, Ақтөбе, Сыр елінде, Орынбор, Қызылжар, Троицк, Кереку қалаларында да өнер көрсеткен. Ақиық ақын айтысар алдында ұшар қырандай қомданып, дүр сілкініп, алдында отырған қарсыласын мысымен басады екен. Мінуші ем көш алдында Тайпалманы, Жүрісі жануардың байқалмады. Алтайда Құлтумамен болдым жолдас, Осылай салады екен “Тайпалманы”. Біржан сал. Өнер адамдарының барлығы да, шабыт құшағында отырғанда қуатты келетіні анық. Құлтуманың шабытқа берілетіні сонша, айтысқанда шиыршық атқан тұлпардай тіпті, бір орнында отыра алмайты болған. Оған Асаубай шешенмен қақтығысында, Асаубайдың мына сөзі куә: Нағыз ақын болсаңыз,…
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ АСТАНА – 2014. 9 мамыр күні сағат 11.00-де КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ: Жалпы қазақ тарихында бүгінгі еліміздің қалыптасыуына ықпал еткен, алайда түрлі себептерге байланысты әлі де ескерілмей келе жатқан тарихи маңызды оқиғалар мен даталараз емес. Сол ескерусіз даталардың бірі — патшалық Ресей империясының үстемдігін орнықтыру мақсатында салдырған Ақмола бекінісін талқандап, патшалық отаршы күш алдында қазақ жұрты атынан батыл талаптар қойған Кенесарының Ақмола бекінісін алғанына 176 жыл толып отыр. 1837 жылы Патшалық отаршылдықтың езгісі мен бұғауынан азат басын құл қылмау жолында атқа мінген Кенесары хан бастаған топ хорунжий Рытовтың отрядын жеңеді. Іле 1838 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына өз шартын қойып, арнайы…

