Автор: admin

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 554 қаулысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 145 бұйрығына сәйкес құрылды. 1993 жылғы 9 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес Құрлық әскерлері. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің негізгі тапсырмаларына мыналар кіреді:  Агрессияға тойтарыс беру үшін әскерлердің әзірлігіне қолдау көрсету.  Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау.  Мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау.  Мемлекеттік шекараның құрлықтағы бөлігін қорғау.  Бітімгерлік және басқа да тапсырмаларды орындау. ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Read More

Астана қаласында ү.ж. 7 мамырда өтетін әскери парадқа даярлық аясында ҚР Әскери әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары Астана және Қарағанды авиабазаларына көшірілді. Авиация техникасын көшіру Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Н.Орманбетовтің басшылығымен жүзеге асырылды. Мұнда ұшу құрамы жаттығу ұшуларының элементтерін пысықтайтын болады. Кәсіби шеберлік, тәртіп пен бірлесе жұмыс істей білу мәселелеріне айрықша назар аударылады. Авиация генерал-майоры Н.Орманбетов: — Қазіргі уақытта біз жұп болып және буындар құрамында ұшуды пысықтау үстіндеміз. Біздің ұшқыштар жоғары деңгейде даярланған, олар өз шеберліктерін ұдайы жетілдіріп, шыңдап отырады. Олар мемлекеттік маңызы бар міндетті үздік атқарып шығады деп санаймын, — деп атап өтті. Шерулік саптың жалпы…

Read More

Қазақстанның әскери теңіз күштерінің негізгі мақсаты – Каспий теңізіндегі ел қауіпсіздігі мен экономикалық мүддемізді қырағы қорғап, отанымызға адал қызмет ету. Әскери құрылымдағы сайдың тасындай іріктелген теңізшілер жылдың жартысын көк айдында өткізіп, тәулік бойы шеберліктерін шыңдайды. Өткен жылы ғана құрастырылып, қызметке кіріскен «Орал» зымыранды-артиллериялық кемесі өз қызметін абыроймен атқарып жүр. «Орал» зымыранды-артиллериялық кемесі әскери теңіз күштерінің мақтанышы саналады. Бұл кеме соңғы үлгідегі навигациялық құралдармен және түрлі қару-жарақтармен жарақталған. Елімізде жасалған су көлігінің қуаты 7 мың аттың күшіне пара-пар. Былтыр пайдалануға берілген қуатты кемені басқару 27 жастағы Қайрат Шаршанқұловқа бұйырды. Ол Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп үздік тәмамдаған. Алатаудың баурайында өскен Қайрат…

Read More