Өскеменнен шыға берісте Қабанбай батыр ескерткіші орнатылған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық орталығы хабарлады. «Ұлт-азаттық көтеріліс батыры Қабанбай батыр ескерткіші салтанатты түрде 7 мамырда ашылады. Ескерткіш Өскемен қаласынан шыға берісте орнатылған», — делінген жексенбіде таратылған хабарда. Мүсін қоладан соғылған, ал оның биіктігі 6,2 м. Мемориалдың ашылу салтанатында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және патриоттық концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Ескерткіштің ашылу салтанатына белгілі қоғам қайраткерлері Несіпбек Айтұлы, Ұлықбек Есдәулет, Секен Тұрысбеков, Камал Абдрахманов, сондай-ақ ҚР мәдениет министрлігінің өкілдері қатысады. Кабанбай Қаракерей — XVIII ғасырдағы қазақ батыры, әйгілі қол-басшы. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау,…
Автор: admin
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасынан «еуразиялық бірыңғай аспан» туралы норма алып тасталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Мәжіліс депутаты Асхат Бекеновтің сауалына қайтарған жауабында қазақстандық тараптың жүргізілген келіссөздер шеңберінде Еуразиялық бірыңғай аспан жобасының пайдасыздығын дәлелдегені айтылады. «Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасынан аталған нормалар алынды», — делінген хатта. Қазіргі уақытта жобаның «Әуе көлігі» бөлімі екіжақты үкіметаралық келісімдерді дамыту мен жетілдіруді қарастыратын нұсқада келісілген. «Шарт жобасында бизнес-қауымдастықтар мүдделері теңестірілген, көлік қызметтерін ырықтандырудың бірыңғай қағидалары қарастырылған, оны іске асыру кезеңдері жеке халықаралық келісімшарттармен келісіледі», — дейді Кәрім Мәсімов. Еске салайық, сәуір айында депутат Асхат Бекенов Үкімет басшысына сауал жолдап, еуразиялық…
Өз сөзінде Қазақстан Президенті отырысты өткізу үшін таңдалған елімізге көрсетілген жоғары сенім үшін Азия даму банкіне мүше барлық елдерге ризашылығын білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев биыл Азия даму банкімен еліміздің серіктестік қарым-қатынас орнатқанына 20 жыл толатынын атап өтті. – Осы кезеңде банк біздің елге 3,5 миллиард АҚШ долларына жуық инвестиция салды. Қазақстан былтырдан бастап банктің донорына айналды. Еліміз Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасына белсене қатысып келеді. Бұл жұмыс аясында банкпен бірлесіп, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін қайта құруға арналған маңызды жоба жүзеге асырылуда, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті біздің еліміз мен банктің бірлескен жұмысы Азия өңіріндегі экономикалық өсімге…

