Сессия Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: татулық, руханилық және келісім мәдениеті» атты күн тәртібімен өтті. Оның жұмысына Ассамблея мүшелері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялар, діни конфессиялар, дипломатиялық миссиялар басшылары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, шетелдік қонақтар қатысты. Өз сөзінде Мемлекет басшысы қоғамымыздағы тұрақтылық пен бірлік «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асырудың аса маңызды факторы екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев толеранттылық пен келісімнің қазақстандық үлгісін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар қосымша шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Қазақстан халқы Ассамблеясының және ел Конституциясының алдағы 20…
Автор: admin
Адольф Гитлер жеке басқа табынтты, бір партияның диктатурасын орнатты, саяси плюрализмді жойды, арнайы қызметтің құзыретін күшейту арқылы өзімен келіспейтіндерге қарсы террор мен репрессия ұйымдастырды, сөз еркіндігін тұншықтырды, жекелеген этникалық топтарды кемсітетін нәсілшілдікті идеология деңгейіне дейін көтеріп насихаттады, тұтас халықтарды зорлап көшірді, тұтас бір халықты геноцид ұйымдастырып құртып жіберуге тырысты, адам қиялы жетпейтін азаптау тәсілдерін ойлап тапқан концлагерьлер ашты, елін әскерилендірді, көрші елдерді асқан ашкөздікпен және зұлымдықпен жаулап алуға тырысты, ақыр соңында миллиондаған адамның қанын төкті. Мұндай залымды қандай ниетпен болсын БАҚ-тың мұқаба бетіне басу — ақтап алуға келмейтін, барлық адамгершілік және…
17 сәуірде 87 жасында колумбиялық танымал жазушы, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының иегері Габриэль Гарсиа Маркес қайтыс болды. Габриэль Гарсиа Маркестің ең танымал еңбегі — «Жүз жылдық жалғыздық» деп аталады. Жазушы шығармаларында әдебиеттегі «магиялық реализм» бағытын ұстанған. Бұл бағыт күнделікті өмірдің көріністері мен фантастикалық элементтердің қабыса бейнелеуінен туындаған. Оның шығармаларында төтенше, өзгеше заттар күнделікті, әдеттегі дүниелер сияқты көрініс тапқан. 1927 жылы 6 наурызда Кариб теңізі жағалауындағы Колумбияның шағын Аракатака қаласында өмірге келген жазушы Мехикодағы үйінде өз отбасы ортасында дүниеден өтті. Жазушы өткен аптада ауруханадан шыққан болатын. Дәрігерлер оның өкпе қабынуы дертінен емделгенін айтқан еді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

