Автор: admin

Қазақстан халқы мен Президентіне Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Б.Бекназаров, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қ.Жаңбыршин, Президент Күзеті қызметінің бастығы Ә.Садықұлов, бірқатар Үкімет мүшелері және облыс әкімдері салтанатты түрде ант берді. Мемлекет басшысы берілген анттың әр сөзі зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. – «Қазақстан – 2050» Стратегиясы және әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі мақсатымыз аясында мемлекет алдына биік міндеттер қойып отыр. Сондықтан сіздердің әрқайсыңыз өз салаларыңыз бойынша жүктелген міндеттерді ең жоғары деңгейде орындауға тиіссіздер. Сіздердің парыздарыңыз ел экономикасын жақсарту, әрбір өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, халықтың бірлігін сақтау болмақ. Егер әркім өз жұмысын ойдағыдай атқаратын болса, біз…

Read More

Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында Аэроұтқыр әскерлері тұңғыш рет түнгі жағдайда судан соғыса өту қимылдарын жүзеге асырды. Екі жүзден астам ауыр және дөңгелекті техника шынайы жауынгерлік жағдайда су кедергілерін кесіп өтті. Осы мақсат үшін инженерлік бөлімшелер Іле өзеніне понтонды көпір қойды. Түн қараңғылығында осы көпірден артиллерияның сүйемеледеуі арқылы десантты-шабуылдаушы бөлімшелердің техникалары жүріп өтті. Өзеннен өту қимылдары Аэроұтқыр әскерлерінің бөлімшелері қатысқан бригадалық-тактикалық оқу-жаттығулар шеңберінде жүргізілді. Осының алдында ғана таңғы сағат алтыда 4 гарнизонның бригадалары дабыл бойынша көтерілген болатын. Бірнеше шақырымдық марш жасаған бөлімшелер Іле өзенінен өту үшін лектерді жасақтау ауданына топтасты. Осымен бір мезгілде бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуға қатысушылар парашют арқылы тікұшақтан десант түсіруді…

Read More

Украинадағы Мариуполь қаласында арнайы операция барысында үш адам қаза болып, бірнеше адам жараланғаны туралы Украина ішкі істер министрі қызметін атқарушы Арсен Аваков Facebook әлеуметтік желісі арқылы хабарлады. «Алдын-ала мәлімететр бойынша, шабуыл жасаған қарулы топ арасында 3 адам қаза тауып, 13-і жараланған. 63 адам ұсталды. Олардан қару-жарақы, байланыс құралдары мен ресейлік операторлардың телефондары тәркіленді. Тұтқындалған адамдардың кім екені анықталып жатыр» деп жазған Аваков. Ол «ішкі істер министрлігі қызметкерлері арасында қаза тапқандар жоқ» екенін айтады. Аваковтың сөзінше, 17 сәуірге қараған түні Мариупольде «шамамен 300-дей қарулы адам ішкі істер министрлігінің бөлімшесінің ұлттық гвардия полкіне шабуыл жасап, жанғыш заттар лақтырып, оқ атқан». Оған жауап…

Read More