Автор: admin

Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Ұлттық Банк төрағасы Қ.Келімбетов, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Е.Орынбаев, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев, сондай-ақ Ұлттық Банк төрағасының орынбасарлары қатысты. Кеңес барысында еліміздің қаржы секторының қазіргі мәселелері мен міндеттері талқыланды, сондай-ақ Ұлттық Банктің 2013 жылғы және 2014 жылдың алғашқы тоқсанындағы есебі тыңдалды. Мемлекет басшысы жалпы бүгінгі күні елдегі қаржы секторының дамуын тұрақты деп сипаттауға болатынын атап өтті. –  Экономикадағы несиелер өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға өсті. Халықтың депозиттерінің көлемі 10 триллион теңгеге жетті. Біздің экономикалық қауіпсіздігіміздің кепілі болып саналатын Ұлттық қордың қаражаты бір жыл ішінде 22%-ға дерлік артып,…

Read More

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, «2011-2014 жылдары жыл сайын 10 мың отбасыға квота бөлінеді» деп бекітілген болатын. Алайда арадан көп уақыт өтпей, Үкімет бұл қаулыны кері қайтарып алды. Сөйтіп 2012 жылдың сәуірінде ҚР Үкіметі оралмандарға берілетін квотаны белгілі мерзімге дейін тоқтататын жаңа қаулы қабылдады. Енді араға екі жал салып, оралмандар көші қайта жалғасатын болды. Десе де бұл жолы, Үкімет оралмандар үшін көш талабының өзгергенін жеткізді.  Наурыздың 20-сында қабылданып, ақпарат құралдарында 1 сәуірде жарияланған «Оралмандарды жайғастыру өңірлерін айқындау туралы» деп аталалатын қаулығы сәйкес, енді оралмандар Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс…

Read More

ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский Украинаның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен қорғанысы басшысы Андрей Парубийге телефон соғып, Краматорскіден украин әскерлерін алып кетуді талап етті. Бұл жағдайға куә болған украиналық журналистің айтуынша, бұл әңгіме 15 сәурде болған», — деп хабарлайды Tengrinews.kz. YouTube сайтына салынған бейнежазбаға қарағанда, Жириновский Парубийге өз басының қамын ойлауға кеңес берген. Ал, өз кезегінде Украинаның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен қорғанысы басшысы Жириновскийге Ресей әскерлерін украин шекарасынан алып кетуді және әйелдер мен балалардың артына тығылуды доғаруға кеңес берген. Бұл әңгіме туралы Life News парталына Владимир Вольфович «Мен оған «шұғыл түрде барлық әскерді алып кет, әйтпесе бар биліктен айырылып, өзің сотқа тартыласың» дедім.…

Read More