Автор: admin

Шығыс Түркістандағы Өр Алтай көтерілісі кезінде Оспан батырдың оң қол балуаны болған батыр, мерген Дәлелхан Мешелұлы жайында Балуанның қытай түрмесінде 25 жыл отырып шыққаннан кейінгі суреті Сеңгірін мәңгілік мұздықтар құрсаған, аспанға бір табан жақын  жатқан Ағажай Алтайдың алтын тауларының басын алғаш шыққан күн шалады, батар күн де соңғы шапағын соған төгеді. Жер жаралғаннан бергі мызғымас маңғаздығы мен асқақтығын сақтап,  басына Алтайдың ақиық қыраны ғана жететін заңғарлығымен тек қана түпсіз аспанға бой ұсынып тұр әлі. Заулаған замандар мен сан қилы тарихи болмыстарды басынан кешкен қайран Алтайдың қара құрттай қаптаған қалың қытайдың құрсауында қалған құйқалы шығыс бөлігін мекен еткен рухы биік,…

Read More

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуйчжоу провинциясында полицейлер суық қару-жарақтық ірі партиясын тәркіледі. Сақшылар 15 мыңнан астам қару мен 120 мың пышақты тәркілеп, ел аумағында сатумен айналысты деген 15 күдіктіні қамауға алды. Сақшылардың айтуынша, бұл ел тарихындағы қолға түскен ең ірі партия болып отыр. Алдын ала мәліметтерге сай, қылмыстық топ қару-жарақтарды сатуды телефонмен жүргізген. Ақша банктегі арнайы есепшотқа аударылып отырған. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. 24.kz

Read More

Украинаның шығысындағы ахуал ушығып кеткен соң жексенбіден бері Киев «белгісіз қарулы топтың» шабуылына қарумен жауап беруге көшті. Антитеррорлық операция бастады. Анығын айтқанда Киев өзі «агрессор» деп атаған елді арқаланған сепаратистерге де, оның дем берушісіне де соғыс жариялады. Астана уақытымен дүйсенбінің таңғы алтысында Нью-Йоркте БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы жағдайға байланысты төтенше жиын өткізеді. «Де-факто агрессордың» «де-юре агрессор» болып танылуына аз қалған сияқты. Мұндай жағдайда БҰҰ өркениетті әлемдік қауымдастықтың атынан алдыңғы дауыс беруде агрессор елді қолдаған он шақты мемлекетке ғана емес, «қалыс қалған» кейбір маңызды ойыншыларға да: «Агрессормен біргесің бе, әлде қарсысың ба?» деген нақты, тіке сауал қоюы мүмкін. Бұл сұраққа: «Агрессордың…

Read More