Автор: admin

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуын әлемнің 50 мемлекеті қолдауы тиіс деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ҚР Экономикалық интеграция жөніндегі министрі Жанар Айтжановға сілтеме жасап. Оның айтуынша, бүгінде Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін Қазақстанның Кеден одағы аясындағы міндеттемелері соған сай болуы шарт. «Мен өзім инвестиция және сауда салалары бойынша жауап беремін. Ал Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру келіссөздері бірнеше сала бойынша жүргізіледі. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін субсидия мәселесі бар. Оған Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап береді. Мен болсам, сол субсидияның көлемі бойынша келіссөз жүргіземін. Сол сияқты өнеркәсіп мәселесі де бар. Міне, аталған мәселелер бойынша барлық мемлекеттермен бір келісімге келу керек. Енді биыл келіссөздер бекітіледі деген…

Read More

Қазақстанның әкімшілік картасы. ©Gask.kds.gov.kz Жарқын Түсіпбекұлы. ©Нұрғиса Елеубеков Елімізде сепаратизм үшін жазаның күшейтілуі Қазақстан азаматтарын ұлтына, дініне, нәсіліне қарамай біріктіре түсуге ықпал етпек. Саясаттанушы Жарқын Түсіпбекұлы Қылмыстық кодекстің жаңа нұсқасына сепаратимзге қатысты баптың енгізілуі жөнінде пікірін білдірді деп хабарлайды Тengrinews.kz. Қазақстанда аумақтық тұтастықтың бұзылуына себеп болатындай факторлардың жоқ екенін айтқан саяси шолушы «жаңа Қылмыстық кодекс жобасындағы мемлекеттің тұтастығын заңсыз өзгертуге әрекет етушіні 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы жазаның қарастырылғаны — өте дұрыс шешім» деп есептейді. «Бұл біртұтас, яғни, унитарлы мемлекеттердің басым көпшілігінде бар. Қазақстан — түрлі геосаяси жағдайларға байланысты толеранттылықты сақтап отырған аз мемлекеттің бірі. Қандай этнос өкілі болмасын,…

Read More

Кенді атырап арқа төрінде «Қасым» әдеби-қоғамдық журналы ұжымының  ұйымдастыруымен  шағын футболдан тұңғыш рет «Қасым» кубогі сарапқа салынды. Дүбірлі доданы қабылдаған  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетттік университетінің үлкен спорт залында бұл күні ақында, жазушы да, әнші де, актерде шағын футболдан доп тепті. Жанкүйер болып келген жұрттың қарасы да көп болды.  «Қасым» әдеби-қоғамдық журналының бас редакторы, жазушы Серік Сағынтай бастаған арқаның қаламгерлері мен өнерлі серілері  бастамасымен  өткен доп додасы Көкпекті ауылында опат болған марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Биыл тұңғыш рет өткізіліп отырған турнирдің өзіндік айырмашылғы мен қызықты жайттары да болды. Олай дейтініміз көмірлі өңір Қарағанды мен Елордамыз Астана шаһарларынан келген…

Read More