Украинаның қауіпсіздік қызметінің шенеуніктері «ақпан айында Киевте үкіметке қарсы шеушілерге қарсы оқ атып, қырғынға ұшырату бұрынғы президент Виктор Януковичтің тікелей басшылығымен жасалды және оған Ресей арнайы қызметінің қатысы бар» деп мәлімдеді. Ішкі істер министрі Арсен Аваков 3 сәуірде өткен баспасөз жиынында «Янукович 18-20 ақпанда шерушілерге қарсы оқ атуға бұйрық берді» деді. Киевте 2013 жылдың қараша айында басталған үкіметке қарсы наразылық шерулерінде 100-ден астам адам мерт болған еді. Олардың көпшілігі 18-20 ақпан аралығында снайперлердің қолынан қаза тапқан делінеді. Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Валентин Наливайченко Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қызметкерлері Майдандағы шерушілерге қарсы «арнайы операцияның жоспарын құруға қатысты» дейді. Виктор Янукович…
Автор: admin
Алыс-жақын шетелдерде ұлты үшін маңдай терін төгіп, бір кісідей еңбек етіп жүрген қандастарымыз баршылық. Соның бірі – Қытайдағы қазаққа ғана емес, миллиардтар еліне есімі мәлім, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Исламұлының алғашқы бапкері – ҚХР Алтай аймақтық бокс құрамасының бас бапкері Мұрат БОШАЙҰЛЫ. Біз Мұратты жақында Астанаға туысшылап келгенінде кездестіріп қалған едік. Әңгімеміз бірден бокс төңірегінде өрбіді.. – Қытайдағы қазақ боксына елеулі еңбек сіңірген жалғыз қазақ азаматы екеніңізді ел жақсы біледі. Қанат Исламнан кейін арғы бетте қазақ боксы құлдырап кеткен жоқ па? – Олай деп айтуға болмайды. Қазір де талантты қазақ балалары жетіп артылады. Қанат Қытайдағы қазақ боксының…
Си Цзиньпин и Ангела Меркель. AFP© «Германия Канцлері Ангела Меркель Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге байырғы картина тарту етті. Алайда, сыйлық картографиялық негіздегі жанжалдың туындауына себеп болды» деп хабарлайды Тengrinews.kz «Вести.Ru»сайтына сілтеме жасап. 28 наурыз күні Ангела Меркель Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мен аспан асты елінің бірінші ханымы құрметіне жоғарғы деңгейде қабылдау жасаған болатын. Берлинде өткен кездесу кезінде екі тарап сый-сыйапат алмасты. Си Цзиньпин фарфор вазалар топтамасын сыйға тартса, Меркель неміс математигі, астроном және картограф Иоган Маттиас Хазенің 1740 жылы жазған байырғы картинасын сыйға тартқан. Алайда, Цин империясының даму кезеңі бейнеленген байырғы картада Ішкі Монғол, Маньчжурия, Синьцзян, Хайнань, Тайвань…

