Автор: admin

Сәуірдің 2-сі күні Астанада шұғыл түрде өткен отырыста мәжіліс депутаттары президент ұсынған премьердің жаңа кандидатурасын «бірауыздан қолдаған» соң Кәрім Мәсімов 2007 жылы осы қызметке алғаш тағайындалғанда айтқан сөздерін тағы қайталады. «Бірінші жолы да айтқам, қазір тағы қайталаймын – сіздің көмекшіңіз болғам, қазір де көмекшіңізбін, болашақта да әркез көмекшіңіз болып қала беремін» деді Мәсімов. «Осылай тұрақты болғаны жақсы» деді оған президент Назарбаев. Конституциясы бойынша президенттік басқару жүйесі орнаған деп сипатталатын, халықаралық және жергілікті құқық қорғау ұйымдары автократиялық режим деп сипаттайтын бұл саяси ортада мұндай диалогтар кәнігі көрініске айналған. Ал Қазақстан үкіметін 2012 жылдың қыркүйек айынан бері басқарып келген Серік Ахметовтің нақты…

Read More

Бүгін Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов қызметтен кетті. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Серік Ахметов «президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өзі өтініш жазғанын және оны қабыл алған, осы уақытқа дейін сенім білдіріп келген президентке алғысын айтқанын» үкімет отырысында мәлімдеген. Қазақстан заңнамасы бойынша премьер-министр орнынан түскенде үкімет мүшелері толығымен қызметінен кетеді. Қазақстан президенті әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан тағайындалатын премьер-министрдің кандидатурасы туралы парламент мәжілісі фракцияларының жетекшілерімен кеңескен. Осыған қатысты парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетіні хабарланған. Серік Ахметов Қазақстан үкіметін 2012 жылдың қыркүйек айынан бері басқарды. Оның алдында Қарағанды облысының әкімі, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарған. Серік Ахметовтен бұрын Қазақстан үкіметін қазір Қазақстан президенті әкімшілігінің…

Read More

Құдабайұлы Киікбай зәңгі (1859-1921 ж.ж.)   Құдабайұлы Киікбайдың туған нағашысы Меркіт руының атақты биі аты Абақ Керейге әйгілі «Меркіттің әкесі Керейдің Жәкесі» атанған Жәке Қойтанұлы. Қысқаша айтқанда сол бидің қарындасынан Киікбай атамыз туыпты. Жас кезінде нағашы жағында жүріп Жәке бидің тәрбиесін алған. Мұнда жастайынан шешен алғырлығы танылып, сондықтан нағашысы қандай бір дау-шарды шешуге жиі араластырып, билік айтқызып, жол көрсеткен. Сол уақытта Ителінің билері даудан жеңіліп, өз еселерін басқа рулардан қайтара алмай жүрсе керек. Осы кезде Ителінің Жидебай бастаған бірнеше ақсақалдары жиылып, Абақ Керейді билеген Тары деген кісіге сәлем бере барады. Төбесіз би, төресіз ел болмайды тақсыр, бізге Ителіні бастайтын бидің…

Read More