Ресей әскері Украинамен шекараға шоғырланып тұр. Жұрт соғыс болады деп үрейленсе, Мәскеу әскери қақтығыс болмайтынын айтады. Украина астанасын соғыс елесі кезіп жүр. Ресми тұлғалар бұған дейін пайдаланылмай келген, бомба шабуылы кезінде паналайтын лас та ескі жертөлелерді тексере бастады. КИЕВТЕГІ ЖЕРТӨЛЕЛЕР Киев қаласының мэрі Владимир Бондаренконың айтуынша, қаладағы 526 жертөленің барлығын жөндеу керек. Оны жөндеуге бюджеттен ақша қарастырылмаған. Бірақ қала басшылығы жергілікті жұмысшылар мен кәсіпкерлерге өтініш айтып, жертөлелерді тегін жөндеп беруді сұрады. Украинада қайта құрылған ұлттық гвардия жауынгерлері жаттығып жатыр. Киев маңы, 31 наурыз 2014 жыл. Бондаренконың айтуынша, барлығы ойдағыдай ұйымдастырылған жағдайда қазанның 1-іне дейін Киевтің 2 миллион 800 мың тұрғынын бомбадан…
Автор: admin
MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында климат өзгерісіне көзқарастарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 2000 адам қатысты. Сұрақтарға 18-жастан жоғары 68% әйелдер мен 32% ер адамдар жауап берді. Сұрақ қою әдісі – телефон арқылы жүргізілген сауалнама және онлайн-сауалнама Қазақстандықтардың көп бөлігі (83%) соңғы жылдарда Қазақстанда климат өзгерісін байқаған. Олардың 43%-н көбі оның салдарынан қауіптенеді, 40%-ы бұл өзгерістер болмашы ғана деп есептейді. Респонденттердің 13%-ы ешқандай климат өзгерісін байқамаған, ал 4%-ы бұл мәселеге мүлде көңіл бөлмеген. Соңғы онжылдықта байқалған климат өзгерісі тек ғалымдардың…
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған бірқатар қала басшылары мен жергілікті билік орындарына сайлауда өзінің «Әділет және даму» партиясының жеңіске жеткенін мәлімдеді. 30 наурызда өткен сайлаудың алдын-ала қорытындылары бойынша, «Әділет және даму» партиясы берілген дауыстың 46 пайызға жуығына ие болған. Ал оппозициялық Республикалық халықтық партия 23-28 пайыз аралығында дауыс жинаған. «Әділет және даму» партиясы кеңсесінен мыңдаған жақтастарына арнап сөйлеген Ердоған сайлау науқанында өзін «коррупцияға қатысы бар деп айыптап, мемлекеттік құпияны әшкерелегендердің аузына құм құятынын» мәлімдеді. Ердоған АҚШ-та тұрып жатқан исламшыл діндар, бұрынғы серігін құқық қорғау орындарындағы жақтастарын пайдаланып, өзіне қарсы «коррупциялық жанжал ұйымдастырмақ болды» деп айыптады. Сарапшылар бұл жолғы сайлау биыл…

