Автор: admin

Сонау Күлтегін, одан берідегі Шыңғыс хан заманын айтпағанда, Алтын Орда мен Ақ Орданың мұрагері боп тарих сахнасына шыққан қазақ хандарының бірі Абылаймен үзеңгілес болған баһадүр. Қазақ халқын алапат нәубет – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіретінен аман алып қалуға атсалысқан, жанкешті ерліктерімен көзге түскен, «ту түбінен ту алған, жауды көріп қуанған» Шанышқылы Бердіқожа батыр. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Керей ер Жәнібек, Көкжарлы Барақ сынды бірегей батырлармен бірге Аягөз, Бұланты, Білеуті және Сарысу өзендері бойындағы; Іле басындағы Талқы, Еміл Алакөл; Алтайдағы Ұлансу, Қандысу, Айдынсу, Шар, Шорға Қозымаңырақ, Қоймаңырақ, Ақшәулі маңындағы; Аңырақайдағы шайқастарда жер қайысқан Ұлы жүз ләшкерлерін басқарған Бердіқожа туралы Қазақ ұлттық…

Read More

Құрметті достар! Менің бұрынғы ұстанымым мен көзқарасым өзгерген жоқ және өткенге өкінбеймін. Егер 5 жыл бұрын алдымда не күтіп тұрғанын, қандай қиын соқпақ боларын білген болсам, бәрібір сол жолдан тайқымас едім. Қазір менің арым таза. Мен халықты ояту үшін, билікке әсер ету үшін барымды салдым. Жетістіктер де баршылық. Қоғамдық өмірге араласқан сәттен бастап айтқан әр сөзім мен әр ісіме өзімжауап беремін. Тіпті бүгінгі мәлімдемеме де ешкімнің, биліктің де, оппозицияның да, олигархтың да, қашқын саясаткерлердің де қатысы жоқ. Бала кезден бойыма сіңген өмірлік тәрбием мен білімімді және еліме деген махаббатымды ешкім өзгерте алмас. Мен не айтсам да, не жазсам да көзімді…

Read More

Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кезекті отырыс барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттары, атап айтқанда, Украинадағы ахуал талқыланды. Бұған қоса, осы оқиғалардың еліміздің экономикалық дамуына ықпал етуіне қатысты мәселелер қаралды. Талқылау қорытындысында Қазақстан Президенті Украина төңірегіндегі оқиғалар ауанында әлемдік саясат пен экономикада қалыптасып отырған факторлар мен үрдістерді практикалық жұмыс барысында ескеру қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы экономика өсімін және елімізді дамытудың белгіленген жоспарларының орындалуын одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Read More