Кездесу барысында еліміздің қаржы саласы мен банк жүйесінің жай-күйі талқыланды, сондай-ақ халықаралық қаржы нарығындағы ахуал қаралды. Қ.Келімбетов 2014 жылдың ақпан айында Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 26 млрд. долларға дейін 6,1%-ға ұлғайғанын хабарлады. Жалпы, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтерін қосқанда 2,1%-ға өсіп, 97,6 млрд. долларға жетті. Кездесу қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі соңғы оқиғаларға байланысты олардың отандық экономикаға ықпалына ұдайы талдау және мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
Автор: admin
Америкалық ғалымдар ұлы қолбасшы, жарты әлемді бағындырған әйгілі Шыңғыс ханның сырын ашқандығын мәлімдеп отыр. Оның жеңістерінің басты себебі — ауа-райының ылғалды әрі жылы болуынан дейді олар. Өйткені, көшпенділер мұндай климатта бір жерден екінші жерге өте еркін қозғала білген деп жазады Би-би-си. Көне ағаштардың діңгегін зерттеген ғалымдар Шыңғысхан дәуірінде табиғаттың адамзат баласы үшін ерекше қолайлы болғанын анықтап отыр. Мол жауын мен жылы ауа-райы жерге шөптің тез өсуіне септігін тигізген. Нәтижесінде, көшпенділер төрт түлікке жем-шөп іздеп әбігерге түспеген. Жауынгерлердің жылқылары да үнемі бабында болған. Ал, тарихтан белгілісі, Шыңғыс хан әскерінің басым бөлігін атты сарбаздар құраған. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, табиғаттың қолайлы кезеңі 1211…
Қырымның Ресей федерациясына қосылуы туралы референдум 16 наурызға белгіленген. Алайда бұл автономды республиканың халқы қосылу идеясын ғана емес, референдумның өзін де қолдамайды. Неге Қырым татарлары референдумға бойкот жасауға ниетті екендері туралы ҚазТАГ агенттігіне қырым –татар халқы мәжілісінің мүшесі Риза Шевкиев әңгімелеп береді.

