Автор: admin

АЛМАТЫ – Азаматтық қоғам өкілдері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссиямен бірлесе отырып,  Адам құқықтары жөніндегі екінші Ұлттық іс-әрекеттер жоспарын жасап,  оның заңдық негізде қабылдануы үшін талқылауға ұсынуға дайын.

Read More

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі болып тағайындалды. Ол 1984 жылы еңбек жолын Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының Мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі болып бастаған. 2003 жылы «Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы» РМҚК бас директоры қызметіне тағайындалды. Екі жылдан соң «Қазақ әуендері» АҚ президенті болып жұмыс істеді. Мұхамедиұлы әр жылдары мәдениет және ақпарат вице-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы және ішкі саясат бөлімі мәдениет секторының меңгерушісі қызметтерін де атқарды.

Read More

Қырым шекарасындағы тексеру пункттеріне Украина әскері 11 наурыз күні қойылды. Видеодан траншеяға жасырылған атқыш техниканы көруге болады. Украинаның орталық аймақтарынан зымыран атқыш әскери көліктердің қозғалысы байқалған. Үкімет бұрынғы президент Януковичті «әскерді әлсіреткен» деп айыптайды. Министрлер 6 мың жауынгердің ғана әскери қимылдарға жарамды екенін хабарлады. Украинаның уақытша президенті Александр Турчинов «Ардагерлердің ұлттық гвардиясы қайта құрылғанын» мәлімдеді. Турчинов әскерге Ресейге қарсы арандату әрекеттерін жасамауды ескертті. Ол Ұлттық гвардияның «азаматтарды қылмыскерлерден, ішкі және сыртқы агрессиядан қорғайтынын» мәлімдеді. Киев «Ресей агрессиясына» қарсы АҚШ пен Ұлыбританиядан көмек сұрап отыр. http://www.azattyq.org/media/video/25293742.html

Read More