Бексұлтан Нұржеке-ұлы Біріншіден, бұған ғалымдардың шалағайлығы себеп. Олар Шыңғысханға қатысты тарихтың негізгі қазығын кейінгі орынға ығыстырып, ал екінші қатардағы мәселені негізгі қазық есебінде қарастырып жіберген. Соның салдарынан Шыңғысханның түп бабасы Бөрте-Шина келіп қоныс тепкен, кейін Шыңғысхан меркіттерден қашып тығылған Бұрқан-Қалдын тауының, туған жері Көде-Аралдың және өз туыстарынан қашып тығылған Түргеннің, тайпа-ласы Жәмікемен соғысқан жері Қапшағай мен Күйтеңнің қайда екенін анықтамай жатып, оның туып-өскен жері Моңғолиядағы Онон мен Керулен өзендерінің бойы деген шалағай тұжырым жасаған. Моңғолияда Шыңғысханның өміріне қатысты айтылатын Онон, Керулен, Арғұн өзендері мен Ундир мекені бар екенін картадан көруге болады. Алайда ол атаулардың дыбысталу жағынан бұрмаланған атаулар екені Тілеуберді Әбенайұлы…
Автор: admin
Beisen Akhmetuli Bukarbai Даңқты Рашид ад-Диннің «Жылнамасы» мен Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресінде», Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектерінде, Қадырғали Жалайыридың «Шежірелер жинағында», Абай, Шәкәрім, Х.Досмұхамбетов, М.Дулатов, М.Тынышбаев секілді ел ардақтылары «Бабырнама» мен «Тарих-и Рашидиге» сүйенне отырып дәлелдеген деректерде, Тарихшы Т. Әбенайлы «Құпия шежірерің» құпиясы» атты еңбегінде, тарихшы Нығмет Мыңжан, Бақыт Еженханұлының, Қойшығара Салғараұлы қатарлы тарихшы аталарымыздың еңбектерінде «Алты Алаш» ұғымы тар мағынада қазақты ғана қамтығанымен кең мағынада дешті Қыпшақ даласындағы түркі жұртын қамтитындығын дәлелдеген.
Қазақта «іштен шыққан жау жаман», «жау жоқ деме, жар астында» деген сөз бар. Иә, біз ешкімді жау санамаймыз. Алайда әрқашан болар қауіпті күні бұрын болжап, алдын алатын қадамдарды ойластырған дұрыс. Құр ойластырып қоймай, соны нақты іспен жүзеге асыра білгеніміз абзал. Біздің бұл пікірімізге арқау болған іс — қазіргі күні Ресейдің Қырым автономиялық республикасына қаратып отырған саясаты. Оның бізге қандай қатысы бар дейсіз ғой? Үлкен қатысы бар.

