Автор: admin

авторы: ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКОВБіздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі, Солар жайлы ағайын-жұрт, не білесің сен осы? Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден, Өйткені олар –ақиқат пен шындық сөздің жебесі.Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі, Біздің елдің жігіттері – ұлы мұхит кемесі. Осы жұрттан бақ пен Қызыр қашпаса екен деп тілеп, Осал жерін түзеп жүрген біздің елдің шегесі. Біздің елдің жігіттері – жігіттердің сырттаны, Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы. Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған, Өз елінің ұлтаны мен өз елінің сұлтаны. Олар жайлы білгің келсе, ортасына кіріп көр, Солар жүрген жолдарменен дәтің болса, жүріп көр. Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған,…

Read More

АҚШ президенті Барак Обама жұма күні бірінші рет Ресейге ашық түрде қатаң ескерту жасады. Ол Украина жеріндегі Ресей әскері туралы мәлімет расталса, «бұл — Ресейдің Украина егемендігі мен тәуелсіздігін сыйлау жөніндегі қуаттауын және халықаралық заңдарды біржақты бұзуы» болып табылатынын айтты. Обаманың айтуынша, «Украина егемендігі мен жер аумағы тұтастығын бұзатын кез келген әрекет — тұрақсыздық факторы, бұл Ресейдің де, Украинаның да, және Еуропаның да мүддесіне қайшы келеді». Барак Обама Ақ үйде тілшілер алдында осы туралы айта келіп, вице-президент Джо Байденнің Украина туралы Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Read More

Бейсен Ахметұлы Орыстың ала туы желкемізде желбіремесін десек, халықтың табиғи өсімін арттыруға қолайлы жағдай жасап, қазақ көшінің бетін бері қарай қайтадан бұруымыз керек!  Халықтың көбеюі – мемлкеттің дамуын алға жетелейтін  өндіргіш күш. Ал ұлттық басымдылық – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі.  Міне бұл тарих дәлелдеген шындық.  Адам капиталы сатып алуға болмайтын инвестиция, ұлттық қауіпсіздікке саятын маңызды түйін.

Read More