Murtaza Junusulu Bulutay Бауырлар, достар! Бүгін мен үшін азалы да қазалы күн, тек мен емес Жәнтекейдің Тайлақ атасынан тараған бір қауым ел жасы үлкен қариясынан айылырып отыр, Қазақ халқы көпті көрген, Алтайдан Анадолыға жаяу барған, қырғын мен қиыншылықты бір кісідей көрген ақсақалынан айырылып отыр…
Автор: admin
Қасым АМАНЖОЛ, тележурналист:– Ассалаумағалейкүм, Қасым аға! Мен сізді «Шынның жүзі» арқылы танимын. Қазір қайда жүрсіз? Осыған дейін қайда болдыңыз? Бұрынғы «Қазақстан» арнасында бірге жұмыс жасаған әріптестеріңізбен араласып тұрасыз ба? Жеткіншек, Орал – Қазір республикалық жекеменшік телеарналардың бірінде қазақ редакциясының жетекшісімін. Бұрынғы әріптестерімнің қайда жүргендерінен хабардармын. Бәріміз бір ортада, яғни журналистика саласында жүрміз. Ұлттық арнадан кеткеннен кейін «Жас қазақ» газетінде жұмыс істедім, Шәкәрім бабамыз жайында «Мұтылған» атты деректі фильм, Болатхан Тайжан туралы деректі фильм түсірдім. «31 арнада», КТК арнасында, «Намыстан» бейнепорталында авторлық жобалар жасадым, «Тәуелсіз» деп аталатын саяси ток-шоу жүргіздім.
1940 жылы Алтай аймағына қарасты рубасылар Есімхан, Ырысхан, Ақтекелер көтеріліс бастады. Көтеріліске шыққан қазақтар бірлі-екілі аңшылық мылтығымен, шоқпар, сойылмен қаруланса да, Шың Шысай әскеріне тойтарыс береді. Тіпті қару-жарақтарын олжалап, күшейе түсті. Көтерілістің белең алғаны соншалық, Шыңжаң үкіметіне көмекке келген орыс әскерлерінің өзі ойсырай жеңілді. Бұл туралы Оспан батырдың 8 қолбасшысының бірі болған Нұрғожай батырдың естеліктеріне назар аударсақ:

