Келіссөздер барысында Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келісімдер үдерісінің қазіргі жай-күйі қаралды. Мемлекет басшысы еліміздің ДСҰ-ға кіруі басты сыртқы экономикалық басымдығымыздың бірі болып саналатынын атап өтті. Р. Азеведоның пікірінше, негізгі мәселелер – ДСҰ-ға мүше елдермен келісу, Кеден одағына қатысуына байланысты Қазақстан мен Ресейдің импорттық кедендік баж салығы жөніндегі міндеттемелерін үйлестіру. Р. Азеведо Нұрсұлтан Назарбаевты ДСҰ Хатшылығы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің тезірек аяқталуына барынша қолдау көрсететініне сендірді. Baq.kz
Автор: admin
Қазақстандағы мемлекеттік басқару туралы сұраққа жауап бере келіп, Ғалым мырза былай дейді: «… Сол себепті шынайы даму мен өркениетке ұмтыламыз десек, бүкіл билік пен ел тағдырын бір адамның (көп жағдайда бір отбасы, я бір топтың болып шығады) қолына ұстата салмай, мүдделер тепе-теңдігін сақтау міндетін мойнына алған бір партияның немесе бірнеше партиядан құрылған коалицияның қолына тапсырған әлдеқайда тиімді болар еді. Бір сөзбен айтсам, парламенттік басқару жүйесінен басқа жобалардың бәрі пост-советтік авторитаризм құбылысын ақтап алу, я оған жаңаша жан бітіру сияқты көрінеді».
Ол жаңа жыл қарсаңында аз уақытқа демалыс алып елге оралды. Қазір Алматыда келесі айқасына жаттығып жатыр. Алайда, ғаламтор мен БАҚ беттерінде «Қанат «Астана арландары» командасына қайта келуі мүмкін», Қанат «Арландарға керек пе?», «Қанат Олимпиадаға қатысуы мүмкін» деген неше түрлі ой-пікірлер желдей есіп жүр. Осы сұрақтар мен пікірлерге жауап алу үшін Қанаттың өзіне қоңырау шалып, анық-қанығын білуге тырыстық, деп жазады alasharena.kz

