Сайын сахара төсінде ғұмыр кешірген сері халқымыздың бүкіл болмысы, бар тірлігі әнмен әдіптеліп, күймен көмкеріліп, жырмен жұрындалып, бимен бірігіп жатады. Бұрнада қазақтың қара көз ұл-қыздары сол «Қара жорғаны» билеп бұғанасы қатқан. Ежелдің ен заманынан бері ұлы жиын тойларда, дабыралы бас қосуда, сауық-сайранда «Қара жорғаны» кәрі-жас, үлкен-кіші бірдей билеген. Сондықтан да, «Қара жорға» биі белгілі бір жылдан басталды, белгілі бір уақытта аяқтайды деуге мүлде болмайды. Ол халықпен бірге туған, барлық замандарда біте қайнасып өмір кешіп келеді. Бүгін де өркен жаюда, болашақта да жалғасары сөзсіз.
Автор: admin
Серік Әбілұлы Қытай халық республикасының Шыңжаң өңіріндегі Алтай аймағы Үліңгір көлі бойында, Жетіарал деген жерде дүние есігін ашқан. Шыңжаң Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін, Шыңжаң партия мектебінің экономикалық басқару факультетін бітірген. «Дариға-ай», «Шолпан», «Самал» публицистикалық, «Күміс жебе», «Қобыз сарыны», «Аққу арман» жыр жинақтары, «Күн» атты балаларға арналған шалқыма, балладалар жинағының авторы. Жиырмадан астам әннің, алпыстан астам ән мәтінінің авторы. Ақпанның 3-інде Алматыдағы Қазақ концерт залында Серік Әбілұлының «Әжемнің иісі» атты шығармашылық кеші өтпек. http://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=oGA-LM52Gyk
Тоғызқұмалақ ойынынан Марал Баба Құрманұлы атындағы жыл сайын өткізілетін облыстық ашық турнир Ұлттық спортымыздың ішінде жасөспірімдердің ойлау, есептеу қабілетін дамытуда тоғызқұмалақ ойынының атқаратын рөлі өте зор. «Марал Баба» қоры мен Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2013 жылғы 12-15 желтоқсан аралығында Қармақшы аудандық оқушылар үйінде Марал Баба Құрманұлы атындағы тоғызқұмалақ ойынынан облыстық турнир өткізілді.

