Құсни хат Айтыс өнерінде алдаспандай жарқылдап, қайталанбас қолтаңбасын қалдырған шынайы талант, жыр жампозы – Оразалы Досбосынов еді. Әр айтыс сайын тыңнан түрен салғандай айшықты ой, соны ұйқас, көркем образ, қазақы теңеулерімен дараланып тұратын Оразалы өнеріне алты алаш сүйсініп, ризашылықпен қол соғатын.
Автор: admin
Жастар арасынан жарық жұлдыздай болып көрініп жүрген жас ақын Ырысбек Дәлейұлының Алматыда «Ан-Арыс» баспасынан «Шық тұнған жолдар» атты жыр жинағы жарық көрді. Ақынды жаңа жыр жинағымен құттықтап, оған ақ жол тілей отырып, аталған жинаққа шығыстанушы ғалым – Ғалым Боқаштың алғы сөзін ұсынамыз.
Нұрсұлтан Назарбаев: Мәңгілік ел – мәңгілік тіл ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында мемлекеттік тіл туралы былай деді: «Қазақ тілі мәселесіне келер болсақ, бүгінде біздің тіліміз ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Одан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты және әлі де үйренуде. Былтырға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10%-ғы өсті. Бұл да бізге біраз жайттан хабар берді». Одан әрі:

