Автор: admin

Нұрсұлтан Назарбаев: Мәңгілік ел – мәңгілік тіл ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында мемлекеттік тіл туралы былай деді:  «Қазақ тілі мәселесіне келер болсақ, бүгінде біздің тіліміз ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Одан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты және әлі де үйренуде. Былтырға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10%-ғы өсті. Бұл да бізге біраз жайттан хабар берді». Одан әрі:

Read More

Түркі тектінің ата қонысы болған Алтайдан ауып, Анодолы жеріне бостандығы мен басын, ділі мен дінін алып жеткен Қазақтар  тарихы өзге адамзат баласы жазбаған , жасамаған тарих. <<Сағыныш>>  сол көштің себебі мен  салдарын салалап , саралап бермек. Осы азапты алыс сапардың басталар алдындағы Алтай аймағындағы қоғамдық , ұлт пен рулар арасындағы шиеленіске толы тарихи оқиғаларды ашалап көосетеді. Тұтас көштің жолына көш басшысы Батыр Солтаншарыптың көзімен шолу жасайды. kerey.kz

Read More

 Жарық  дүниенің дидарында  жақсылық пен жамандықтың  қабаттаса  қатар  жүретіні секілді өткен тіршіліктің қағазға түсіп хатталған шежіресі – тарихта да бұл екеуі, яғни жақсылық пен жамандық  жарыса бой көрсетіп жатады.  Сондықтан тарихты зерделегенде бұлардың біріне ерекше көңіл бөліп,  екіншісін елемей, қалыс қалдыру шындыққа жетер жол емес. Мұның екеуін де тұтас қамтып, жақсысынан тағылым алып, оны одан әрі жетілдіру; жаманынан сабақ алып, оның алда қайталануына жол бермеу – өмір талабы.  Онсыз өз заманыңа сай  ілгерілеу  қиын.

Read More