Автор: admin

Соңғы кездері кейбір орыстілді жастарымыз халқымыздың Тәуелсіздікті қажетсінгеніне күмән келтіріп, ұлттың намысын қорлайтындай пікір таратып жүргені рас. Біз  «Азат»  қозғалысының ардагері, 90-жылдардағы жас саясаткер Серік Ерғалимен сұхбаттасу арқылы ондай күмәнге ешбір орын жоқ екеніне, Тарихымыздың тәуелсіз мұратқа қол созудан ғана тұратынына көз жеткіздік.

Read More

   Ресейлік «Отандастар» бағдарламасына ілінгісі келетін қазақстандықтар «кезек күтіп шаршағандарын» айтады. Соңғы жылдары Ресейге қоныс аударуға өтініш бергендер саны ұлғайып отыр. Ресей мемлекеттік шекарасынан өтіп келе жатқан әйелдер. (Көрнекі сурет)  Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ Өскемен қаласындағы Ресейдің көші-қон қызметі жұмыс тобының кеңсесі тұрғындардың айтуынша, бірнеше айдан бері кезектен көз ашпай келеді. Мұнда жыл басынан бері Ресейге қоныс аударуға тілек білдіргендерге көмектесетін «Отандастар» бағдарламасы бойынша Павлодар, Семей, Өскемен өңірлерінің тұрғындарынан өтініш қабылдауды бастаған. Өтініші қабылданған азаматтар Ресейге қоныс аударған кезде көптеген жеңілдіктерге ие болады.

Read More