Ертең «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында Б. Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетінің тұсаукесері өтпек. Александр Пушкиннің поэмасының желісімен сахналанған, прологы мен эпилогы бар төрт көріністен тұратын «Бақшасарай бұрқағы» хореографиялық поэмасын Николай Волковтың сценарий бойынша 1934 жылы балетмейстер Ростислав Захаров дүниге әкелген болатын. Енді балеттік спектаклдің жаңа редакциясын қазақстандық хореографтар Тұрсынбек Нұрқалиев және Ғалия Бөрібаева жүзеге асырып отыр. Осыған орай бүгін Астана қаласында баспасөз мәслихаты өткен еді. Осы сәтті пайдалана отырып ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» МОБТ балетінің көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері Тұрсынбек Нұрқалиевті сөзге тарттық. Автор кеңестік жүйенің саяси ықпалына ұшыраған балеттік қойылымға қазақы танымға, тарихқа жүгіне отырып…
Автор: admin
2013 жылы «Қазақстан аруы» атанған Айдай Исаева (суретте) КТК арнасындағы бір бағдарламаға қатысып, орыс тілінде пікір білдіреді. Тегінде, студияда, камераның алдында, кім болса да абдырап қалады емес пе? Айдай қарындасымыз да сөйтсе керек. Айдайдың абыржып, орыс тілінде ойын толық жеткізе алмаған сұхбатын әлгі арнадан Арман Юсупов деген біреу алады да, instagram.com желісіне салып жіберді. Сол сол-ақ екен, Айдайдың жаңылысқанын айдай әлемге жеткізуге тырсықан топ оны аталған желіде әжуалап, келеке мазақ ете жөнелді. Құдайдың құдіреті, мен мұнадай әжуаны бірінші рет көріп отырмын. Ол бойжеткен орысша сөйлеуге міндетті де емес, екіншіден, камераның алдында адамның қалай қобалжып, ойының шашырап кететінін бәріміз де білеміз. Өкінішке…
Украина Жоғарғы Радасы. Украина Жоғарғы Радасы бүгінгі отырысында коммунистік және нацистік режимдерді айыптап, оларды насихаттауға және символикаларына тыйым салу туралы үкімет ұсынған заң жобасын қабылдады-деп хабарлайды азаттық радиосы сайыты. Украина парламентіндегі 307 депутаттың 254-і заң жобасын қолдап дауыс берді. Құжатты әзірлеген 13 депутаттың арасында Юрий Луценко, Олег Ляшко және Юрий Богдан-Шухевичтер бар. Луценконың айтуынша, заң жобасында тоталитарлық режим қандай шекпен жамылса да – коммунистік, фашистік я болмаса тағы басқа – оның қызметіне тыйым салынатыны атап жазылған. Сонымен бірге бүгін Жоғарғы Рада 20-ғасырда Украинаның азаттығы үшін күрескендердің құқықтық мәртебесі және оларға құрмет таныту туралы заң жобасын мақұлдаған. Ондай күрескерлер қатарындағы көптеген әскери, саяси…

