Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақстан — әлем бойынша жат мемлекеттерде тұратын қандастарын шақырған үш елдің бірі. Қалған екеуі – Германия мен Израиль. Осы шақыру бойынша өткен 22 жылдың ішінде шет елдерде тұратын қазақтардың 1 миллионға жуығы атбасын атажұртқа бұрып, Қазақстанға қоныс аударды. Мінеки, осы атажұртқа ағыла көшкен елге Қазақстан Республикасы азаматтығын алу үшін бес жыл күту керек деген заң кедергі болайын деп тұр. Дегенмен бұл ұлы көш тоқтамауы керек деп ойлаймыз. Сондықтан бұл заңды ел тізгінін ұстаған азаматтар қайта қарап шығар, Елбасымыз бұл заңға вето қояр деп үміттенеміз. Ал қазақ диаспорасының өкілдері тұратын Германияда жат елдерден қоныс аударған азаматтар этникалық…
Автор: admin
Тарих ғылымында «тарихи уақыт» деген ұғым әрбір тарихи кезеңнің өзіне ғана тиесілі ерекшеліктері мен белгілерінен тұратын, қайталанбас құбылыс. Төле би, Қаздауысты Қазыбек би және Әйтеке би сияқты тұлғалар, Абылай хан және олардың Бөгенбай (екі Бөгенбай бар: Кіші жүз табын Бөгенбай және Орта жүз Қанжығалы Бөгенбай), Қабанбай, Наурызбай, Қойгелді сияқты замандастарының қызметі бүгінгі ұрпаққа несімен құнды деген сұраққа тұшымды жауап беру үшін біраз жайға бойлау керек. Рас, билер мен хандардың, батырлар мен зиялылардың тарихи тұлғасын сипаттайтын кезең артта қалды. Замана болмысына үңілу арқылы олардың парасаты, жаратылысының тұтқалық бейнесін ашудың мәні тереңде жатыр.
Москва қаласы Дон қабірстанындағы Алаштың қос арысы Әлихан Бөкейханов пен Нығмет Нұрмақов жерленген орынға ескерткіш-тақта орнатылғанына тура екі жыл уақыт болыпты. Орыс орманының ортасында қойылған белгі тастың тарихи маңызы қалың бұқара тарапынан қызу қолдау тапты.

