Ата қонысымыз Сібір мен Алтай тауларына тұрақтай алмаған керейлер соңғы 4-5 ғасырдың өзінде түрлі тепірештер көру себепті бірсыпыра ағайындардың қазіргі Қазақстанның Шымкент, Жамбыл, Қызылорда облыстарында орналасқаны мәлім. Ал Сыр бойына біршама керей бауырларымыз XVII ғасырда Бұхар жырау заманында, екінші рет азғантай бөлшегі XIX ғасырдың басында үш жүздің пірі атанған Марал ишан мен оның діни-қоғамдық қызметімен тығыз байланысты.
Автор: admin
Ителі ТЫНЫБЕК Қалиасқарұлы Қабидаш Моңғолиядағы қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, жаңа заман қазақ әдебиетін жинау, зерттеуде зор ғылыми еңбек жасады. Ол туған өлкесінен табан аудармай Баян-Өлгий қазақтарының ауыз әдебиеті үлгерін жинап, бастырып, 1972 жылы Алматыда кандидаттық, 1992 жылы филология ғылымдарының докторлық дәрежесін қорғады (330). Алтай тауы қазақтарының әдебиет үлгелерін зерттеудегі оның ғылыми жетістіктеріне белгілі ғалымдар Р.Бердібаев, Х.Сүйіншалиев, О.Нұрмағанбетовалар әрқашан жоғары бағалайды. Доктор Қ. Қабидаш “Баян-Өлгий қазақтарының ауыз әдебиеті“, “Халық ақындары, “өскен өлкенің өршіл әдебиеті”, “Айтыстың қыры мен сыры“, “Моңғолия қазақтарының әдебиеті“ қатарлы бірнеше монографияларда жария етті.Сонымен қатар проф. Қ.Қабидаш Моңғолиядағы қазақ ауыз әдебиеті, халық жырлары, айтыс өлеңдерінің 5 томдық зерттеу…
Кәкімбек Салықов Біржан сал Қожағұлұлы қазақтың дара туған ерекше дарынды дана тұлғаларының бірі, табиғатынан өнер үшін айрықша жаратылған құбылыс, нағыз феномен. Ол заманында аса биік дауысына жан теңеспеген ұлы әнші, таңғажайып әндері ел жүрегінен мәңгі орын алған үздік композитор, өлең сөздің сұңғыла шебері, арқылы туған ақтангер ақын. Егер оның суырып салма айтыскерлігіне келсек, «Біржан мен Сараның» айтысы бұл дәстүрлі ұлттық өнеріміздің классикалық үлгісіне айналған теңдесі жоқ алтын мұра.

