Бөлшектері жеке-жеке алынып-салынатын, Phonebloks деп аталатын ұялы телефон әлі өндіріске шықпаса да, әлемде жүздеген мың адам қазірдің өзінде оны сатып алуға ынтығып отыр. Phoneblok смартфонының үлгісі. Әзірге бір веб-сайты мен YouTube желісіне жариялаған жарнамасы ғана бар голландиялық дизайнер Дейв Хаккенс өзі ойлап тапқан Phonebloks телефоны арқылы смартфон нарығына енбек.
Автор: admin
Көрші елдерге күш көрсету – Ресейдің Совет Одағы тарағалы бері пайдаланып келе жатқан ісі. Бірақ қазір Мәскеудің көршілері Еуропаның көмегіне сүйеніп, қарымтасын қайтара алады. Украинаның Кеден Одағына кіруіне қарсы белсенділер Путиннің Киевке сапары қарсаңында қарсылық акциясын өткізіп тұр. Киев, 12 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет) Бұрынғы одақтас республика Еуропаға жақындамаққа ұмтылады, ал Мәскеу бұған жанталаса қарсыласады. Кремльдің астыртын қолдауына сүйенген, орыстар көп қоныстанған қала республика құрамынан бөлініп шығуға ниет танытады, бұл қақтығыс қаупін арттырады. Мәскеудегі ресми тұлғалар көрші елдегі орыстілділердің құқықтарын қорғауға ұмтылады.
Иран және Үндістаннан қазақ тарихына қатысты қолжазба дерек жинау экспедициясынан оралған шығыстанушы Азаттыққа сұхбат берді. Тәуке ханға Қоқан билеушісі Абдурахим хан жазған хаттан фрагмент. 23 тамыз 2013 жыл. Асылхан МАМАШҰЛЫ Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Ғалия Қамбарбекова – соңғы жылдары жанданған Қазақ хандығының тарихына қатысты дерек жинау бойынша ғылыми экспедицияларға жиі қатысып жүрген ғалым. Ол негізінен парсы тілінде жазылған тарихи құжаттарды зерттеумен айналысады.

