Түркияда тұратын қазақтардың ұзақ-салқар көш тарихына назар аударғанда, бұл көштің қазақтың еркіндік жолындағы теңдессіз ерлігі екенін көреміз. 1930 жылдардың екінші жартысында басталып, 1952 жылы Түркияда аяқталған осы көш көркем фильмге арқау болуда. “Aldongar Production” компаниясы фильмнің сценариін жазу үшін 20-22 қыркүйек күндері Алматыда бірқатар тарихшылар мен жазушылардың басын қосты.
Автор: admin
Бар Қазақтың басын қосқан, Қазақ пен Қалмаққа бірдей хан болған Абылайдың тойы Көкше өңірінде өтеді. Қазаның 5 күні басталатын тойға еліміздің өнер және мәдениет қайраткерлері, мемлекет және қоғам зиялылары қатысады. Осы тойға «ЕР ЖӘНІБЕК» халықаралық қоғамдық қоры атсалысады. тойға арнап ақбоз үй тігеді , баратын азматтар болса хабарласыңыздар. «ЕР ЖӘНІБЕК» халықаралық қоғамдық қоры Байланыс телефоны: +77071113326
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырыс барысында Қуаныш Айтаханов ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің атына жолдаған депутаттық сауалында орыс тілді мектептерде Қазақстан тарихы, география, өлкетану пәндерін қазақ тілінде оқытуды ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.

