Иран, Үндістан, Түркия және Моңғолия жеріне жасалған экспедицияның нәтижесі бойынша Қазақстанға Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» қолжазбасы жеткізілді.
Автор: admin
Алматыда жас тілшілердің республикалық бесінші форумы өтіп жатыр. Екі күндік форумға келген мектеп оқушылары, студенттер және блогерлер журналистердің дәрісін тыңдап, әртүрлі мәселелерді талқылайды. Алматы, 25 қыркүйек 2013 жыл. (Фотогалереяның авторы — Бегім Ораз-Мұхаммед)
Абылай ханның 300 жылдығына арналған іс-шаралар еліміздің әр аймақтарында кеңінен аталып өтуде. Ханның мерейтойына арналған ауқымда 5 қазанда басталады. Үш жүздің басын қосқан, қазақ пен қалмаққа бірдей хан болған Абылайдың тойы Көкше өңірінде өтеді. Қазаның 5 күні басталатын тойға еліміздің өнер және мәдениет қайраткерлері, мемлекет және қоғам зиялылары қатысады. Абылай ханның туғанына 300 жыл толуына орай өтетін салтанатты кеште ҚР халық әртісі Т.Жаманқұлов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қайрат Байбосынов, ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева және өзге де өнепаздардың қатысуы жоспарланған.

