Автор: admin

Қытайдың Алтай аймағында тұратын этникалық қазақ Аршын Намазбекұлы мультфильм кейіпкерлерінің бейнесін ең көп сызған суретші ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Аршын Намазбекұлы жұмыс үстінде. Нұртай ЛАХАНҰЛЫ Жарияланған уақыты: 07.04.2015 Азаттыққа берген сұхбатында 28 жастағы жігіт қазіргі мақсаты – қазақы нақыштағы қуыршақ, кәдесый заттарын жасау екенін айтты. Азаттық: – Мультфильм кейіпкерлерінің бейнесін сызумен қай кезден айналысасыз? Ата-анаңыздың бірі осы салада қызмет істей ме? Аршын Намазбекұлы: – Жоқ, екеуі де өнерге еш қатысы жоқ салада қызмет етеді. Анам Алтай қаласында сотта жұмыс істейді. Әкем – жергілікті дәрі дайындайтын мекемеде қызметкер. Негізі, қуыршақ жасау, олардың суретін салуға бала кезден әуес едім. Нақты қай жастан бастап…

Read More

Джеки Чан (陳港生) — Атақты әртіс, каскадер, кинорежиссер, продюсер, сценарист, әнші. Джеки Чан 1954 жылы 7 сәуірде Гонконг қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Оның шын есімі Конг-Санг Чан, Гонконгтан шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы тақыр кедей болғандықтан, болашақ әртіс бала күнінде аштықты талай бас-тан кешкен. Кейін ата-анасына жұмыс табылып, Австралияға қоныс аударғанда, 6 жасар Джеки отанында қалып,Қытай жабық драмалық академиясына оқуға қабылданады. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасып, егер бала әлдеқалай жарақат алып немесе қайтыс болып кеткен жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдейді екен. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіптің тезіне түсіп, таңғы 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз…

Read More

  1465 жылы Қазақ хандығы құрылып, ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың басында қазақ халқы қалыптасып, «қазақ» сөзінің халық аты ретінде берік орныққаны тарихтан мәлім. Сол заманнан бері «қазақ» атауы туралы, оның шығуы, пайда болуы жайлы алуан түрлі пікірлер айтылып та, жазылып та келеді. Біз бұл туралы 1974 жылы «Қазақ тілі оно­мастикасының негізгі проблемалары» атты докторлық диссертациямызда жан-жақты зерделесек, оны 1982 жылы жарық көрген «Очерк казахской ономастики» атты еңбегімізде жарияладық. Осының негізінде «Жұлдыз» журналында (1983, №3) толық та көлемді мақаламыз жарық көрді. Осы мақаланы қытай ғылым торында (Түркі тілдерін зерттеу хабаршысы. Пекин, 1989, №4, 14-15-б.) қытай тілінде шы­ғар­ғаны бар. Сол…

Read More